Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесін түзету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 тамыздағы № 216-39-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4709 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 5-2-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 5-2-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378-бабымен белгіленген Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы салынатын жерлерге жер салығының мөлшерлемесін екі есе жоғарыласын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Беспаев
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады