Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын және бірыңғай жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы" № 5-2-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 267-61-6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7148 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Ертіс ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын және бірыңғай жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы" № 5-2-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5098 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады