Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 04.01.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 154/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі № 29 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
20-тармақтағы 25) тармақша жойылсын;
34-тармақтағы екінші абзац жойылсын.
2. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |