"Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 154/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 шілдеде № 4588 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 04.01.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Шұғаев

  Качир ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "16" маусымдағы
№ 154/5 қаулысымен
бекітілді

"Качир ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелері

      1. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Качир ауданының аумағында білім беру саласында басшылық етуді іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаныдағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 124.

      10. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел образования Качирского района".

      12. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Качир ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлер субъектілермен "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. Миссиясы: "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және өз құзыреттілігі шегінде білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      17. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты кешкі (ауысымды) оқыту нысанын, қосымша білім беруді қоса алғанда, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

      18. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Качир ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісті байыту;

      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу;

      4) педагогикалық қызметкелердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

      5) қоғам және экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

      6) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

      7) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

      8) оқушылардың кәсіптік уәждемесін қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады;

      2) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      3) оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың міндетті орта білім алғанға дейін оқытуын ұйымдастырады;

      5).бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша қолдайды және жәрдем көрсетеді;

      6) мектепке дейінгі дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сатып алынуын, қағаз бен электрондық тасығыштарда әкелінуін ұйымдастырады;

      7) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      8) аудандық (облыстық) денгейдегі жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарының, аудандық денгейдегі кәсіби шеберлік конкурстарының жүргізілуін ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, сондай-ақ орташа жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқушыларына, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлардың нәтижесінде жедел көмекті қажет ететін отбасыларының балаларына, білім беру ұйымдарының алқа мәжілісінің органы белгілеген оқушылардың басқа санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттан бір пайыздан кем емес көлемде қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат жібереді;

      10) белгіленген тәртіпте жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандырылуын ұйымдастырады;

      13) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарына, отбасыларға қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

      14) облыстық білім беру басқармасымен келісу бойынша аудандық білім беру мекемелерінің бірінші басшыларын тағайындайды;

      15) ұсынылған өтінімдерге сәйкес облыстық білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына ауылдық жердегі кадрлар қажеттілігі туралы, оларды бұдан әрі жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде ақпаратты ұсынады;

      16) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      17) негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарда экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;

      18) бала құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша ақпараттандыру және консультациялар беру, іс-шараларды іске асыру тәртібін белгілейді;

      19) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;

      20) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлікінің сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      21) тауарлары, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

      22) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге жеткізу тәртібі мен схемаларын әзірлейді және аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      23) патронатты тәрбиешінің енбегіне төлеу оның ағымдағы шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді;

      24) қорғаншылар, қамқоршылар мен патронатты тәрбиешілерге жетім балаларды (баланы) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (баланың) асырауына жәрдемақының төлеуін жүргізеді;

      25) жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 14.03.2016 № 63/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      26) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      27) аудан әкімі тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;

      28) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда білім беру мәселері бойынша азаматтардың ұсыныстар, өтініштер, шағымдарын уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді;

      29) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыретілігіне аттестаттауды жүргізеді;

      30) білім беру ұйымдары түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетеді;

      31) кәмелетке толмаған балаларға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметтерін жүзеге асырады;

      32) кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыс жасаудың, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      33) ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, жетім балаларды анықтау және орналастыру жұмысын қамтамасыз етеді;

      34) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттікті орындайды.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 14.03.2016 № 63/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін:

      1) мемлекеттік мекеме алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге материалдарды мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өтеусіз негізде сұратуға және алуға;

      2) Качир ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастыру қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шарттар жасасуға;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қөзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.

      "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне мыналар:

      1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-аналитикалық жұмысын және оның материалдық-техникалық қамталуын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының іске асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қөзделген өзге міндеттерді іске асыру кіреді.

3. "Качир ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларының жүзеге асыруы үшін дербес жауап беретін бірінші басшы "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды жүзеге асырады.

      23. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Качир ауданының әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      24.1"Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатын басқарады және оның істерінің жағдайына дербес жауап береді;

      3) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      4) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      5) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аудандық мәслихатпен, ауданның басқа мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен өзара әрекеттесуді ұйымдастырады;

      6) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғандығы үшін дербес жауап береді;

      7) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      8) аудан әкімін тиесілі кезеңге арналған Бағдарламалар және Іс-әрекеттер жоспарлары бойынша іс-шараларды орындау туралы ай сайын ақпараттандырады;

      9) өз құзыреті шегінде аудан әкімінің тапсырмаларын бақылаудан алуға немесе оларды орындау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға рұқсат береді;

      10) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдарда, өзге мекемелерде мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

      11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен мәжілістер жүргізеді;

      12) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      13) "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жазалар салуды Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте іске асырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды іске асырады.

      25. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының болмаған кезеңде өкілеттіктерін атқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын ауыстыратын тұлғамен іске асырылады.

      26. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі және коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиесілі саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық келісімшартқа сәйкес анықталады.

4. "Качир ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болу мүмкін.

      "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі мүлік иесімен тапсырылған мүлік және өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік есебінен (ақшалай табыстарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерінен құрылады.

      30. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық мүлкіне жатады.

      31. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің оған бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен, өзгесі заңнамамен белгіленбесе, билік етуге құқығы жоқ.

5. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (жою)

      32. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады.

      33. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін тарату (жою) кезінде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Качир ауданының білім беру бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарауындағы ұйымдар тізбесі

      34. "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарауында мынадай ұйымдар бар:

      "Качир ауданының әкімдігі, Качир ауданы білім беру бөлімінің "Самал" спорттық сауықтыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      "Качир ауданының әкімдігінің, Качир ауданы білім бөлімінің оқушылар үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      "Качир ауданының әкімдігі, Качир ауданы білім бөлімінің музыкалық мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      "Качир ауданы Тереңкөл ауылының А.Н. Елгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Тереңкөл ауылының А. Текенов атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Қашыр ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Песчан № 1 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Песчан № 2 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Ивановка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Березовка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Октябрь жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Воскресенка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Жаңа-Құрлыс ауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Коммунар жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Федоровка орта жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Бобровка ауылдық округінің Жасқайрат негізі жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Береговой ауылдық округінің Осьмерыжск жалпы білім беру негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Береговой ауылдық округінің Зеленорощинск негізгі жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданының Байқоныс ауылдық округінің Тілеубай негізгі жалпы білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Жаңақұрылыс жалпы білім беру негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Ынталы жалпы білім беру негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Покровка жалпы білім беру негізгі жалпы мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Октябрьск ауылдық округінің Первомайск жалпы білім беру негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Октябрьск ауылдық округінің Благовещенка бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Ивановка ауылдық округінің Новоспасовка бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;

      "Качир ауданы Песчан ауылдық округінің Қарасуық бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 14.03.2016 № 63/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады