Качир ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 6236 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 154/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4588 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Качир ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы "Качир ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы "Качир ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 154/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 63/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5057 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Әйткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады