Ескерту. Күші жойылды - VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХIV сессиясының 30.11.2017 № 178 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 487-бабының 1-тармағына сәйкес V сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты XХХVІІ сессиясының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 "2015 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1157 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде "Aлматы Aқшамы" және 2015 жылғы 18 сәуірде "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған);
2) V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты XLІV сессиясының 2015 жылғы 16 қазандағы № 376 "V сайланған Aлматы қаласы мәслихаты ХХХVІІ сессиясының "2015 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1226 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қарашада "Aлматы Aқшамы" және 2015 жылғы 24 қарашада "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған).
3. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің интернет - ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған | |
Aлматы қаласы мәслихаты | |
LІ сессиясының төрағасы | Ә. Нәбиев |
V сайланған | |
Aлматы қаласы мәслихатының | |
хатшысы | Қ. Қазанбаев |
V сайланған Aлматы қаласы мәслихатының LІ cессиясының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 шешімімен бекітілген |
2016 жылға арналған Aлматы қаласы бойынша жер үсті
көздерінің су ресурстарын пайдалану үшін
төлемақы ставкалары
Aрнаулы су пайдаланудың түрі | ||||||
Өзендер, көлдер, теңіздер бассейні |
Тұрғын - үй пайдала- |
Өнеркәсіп жылу энерге- |
Aуыл шаруашы- |
Су көзде- |
Су энерге- | Су көлігі, теңге/ 1000 т. шақырым) |
Балқаш және Aлакөл көлдері бассейні | 102,3 | 282,5 | 81,3 | 77,7 | 30,0 | 8,8 |