V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХVІІ сессиясының "2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 16 қазандағы № 376 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қарашада № 1226 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 №  419 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХXХVІІ сессиясының «2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1157 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 48 және «Вечерний Алматы» газетінің 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 48-49 сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімнің интернет- ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихаты
      ХLІV сессиясының төрағасы              В. Бөлекбаев

      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы                                Қ. Қазанбаев

V сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XLIV сессиясының
2015 жылғы 16 қазандағы
№ 376 шешіміне
қосымша

2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер
үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану
үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өзен-
дер, көлдер, теңіз-
дер бас-
сейні

Тұрғын- үй пайдала-
ну және комму-
налдық қызмет-
тер (теңге/1000 тек.м)

Өнеркә-
сіп жылу энерге-
тикасын қоса есепте-
генде (теңге/1000 тек.м)

Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 тек.м)

Су көздері-
нен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-
лықтары (теңге/1000 тек.м)

Су энергети-
ка (теңге/1000 кВт.сағ)

Су көлігі (теңге/1000 тек.м)

Балқаш және Алакөл көлде-
рі бас-
сейні

90,1

248,7

71,53

68,41

26,42

7,77

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады