Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орфандық аурулармен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша илопрост (вентавис) және руксолитиниб (джакави) дәрі-дәрмектері тегін берілсін.
2. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІ сайланған | |
Aлматы қаласы мәслихатының | |
кезектен тыс ІІІ сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Қ. Қазанбаев |