Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының VI сайланған кезектен тыс III сессисының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 10 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 1276 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес VІ сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Орфандық аурулармен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша илопрост (вентавис) және руксолитиниб (джакави) дәрі-дәрмектері тегін берілсін.

      2. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

VІ сайланған


Aлматы қаласы мәслихатының


кезектен тыс ІІІ сессиясының


төрағасы, мәслихат хатшысы

Қ. Қазанбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады