Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын, онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарға тегін және жеңiлдiк шарттарымен амбулаториялық емделу кезінде медициналық мақсаттағы бұйым - қорғаныш пастасымен құрғатылған бір құрамдық уроқабылдағыш қосымша берілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXXХІІ сессиясының төрағасы |
В.Мантариди |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |