Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қазанда № 6585 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдеу өнімдері, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихат сессиясының төрағасы С.Тимофеев
      Солтүстік Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы В.Бубенко

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2020 жылғы 7 қазандағы
  № 48/13 шешіміне
  1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 17.03.2021 № 3/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 04.10.2021 № 9/1 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);21.01.2022 № 13/10 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2022 № 16/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.07.2022 № 19/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2023 № 2/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2024 № 11/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2024 № 14/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ р/р

Аурудың атауы

Халық санаты

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, арнайы емдік өнімдерді тағайындау үшін көрсетімдер (дәрежесі, сатысы, ауыр ағымы)

Дәрілік заттардың (дәрілік формасы), медициналық бұйымдардың, арнайы емдік өнімдердің атауы

1

2

3

4

5

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша беру шеңберіндегі дәрілік заттар

1.

Ювенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасы

Диспансерлік есепте тұрған балалардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Тоцилизумаб
Адалимумаб

2.

Кисталық фиброз (муковисцидоз) аралас формасы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Урсодезоксихол қышқылы,
Меропенем
Цефтазидим

3.

Өкпелік бастапқы гипертензия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Риоцигуат Селексипаг

4.

Грануломатоз Вегенера

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Ритуксимаб

5.

Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия, (Маркиафавтар-Микели)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Экулизумаб

6.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Дексапантенол

7.

Балалардың бауыр трансплантациясы, бауыр фиброзы және циррозы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Валганцикловир

8.

Туа біткен бронхоэктазия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Тобрамицин,
Колистиметат натрия

9.

Атипиялық
гемолитико-уремиялық синдром

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Экулизумаб

10.

Жүйелі қызыл жегі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Ритуксимаб

11.

Кадаврдан бүйректі транспланттаудан кейінгі жай-күйі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Физионил

12.

Қозғалу неврон ауруы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Рилузол

13.

Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Элтромбопаг

14.

Шашыраңқы беріш

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Кладрибин

15.

Кисталық фиброз (муковисцидоз) аралас формасы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Дорназа альфа

16.

Қалқанша безінің қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Вандетаниб

17.

Бүйректің қатерлі ісіктері

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Ниволумаб

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша беру шеңберіндегі
медициналық бұйымдар

1.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Медициналық бұйымдар

2.

Кадаврдан бүйректі транспланттаудан кейінгі жай-күйі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Медициналық бұйымдар

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша беру шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер

1.

Кистоздық фиброз (муковисцидоз) аралас формасы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Арнайы емдік өнімдер

2.

Буллездік эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Арнайы емдік өнімдер

3.

Орталық генез кахексиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Арнайы емдік өнімдер

4.

Спецификалық емес ойық жаралы колит

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Арнайы емдік өнімдер

5.

Орталық нерв жүйесінің ауыр дәрежеде гипоксиялық-ищимиялық зақымдануы, мидың ақ затының энцефалопатиясы. "Булбарлық синдром" (Перифериялық нерв жүйесі)

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Арнайы емдік өнімдер

  Солтүстік Қазақстан
  облыстық мәслихатының
  2020 жылғы 7 қазандағы
  № 48/13 шешіміне
  2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 шешімі (2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6102 болып тіркелген).

      2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 40/5 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 28 мамырдағы № 43/7 шешімі (2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6329 болып тіркелген).

      3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына қосымша медициналық мақсаттағы бұйымды беру туралы" 2016 жылғы 15 наурыздағы № 42/3 шешімі (2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады