Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына қосымша медициналық мақсаттағы бұйымды беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы N 42/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 3711 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.10.2020 № 48/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын, онкологиялық аурулармен ауыратын азаматтарға тегін және жеңiлдiк шарттарымен амбулаториялық емделу кезінде медициналық мақсаттағы бұйым - қорғаныш пастасымен құрғатылған бір құрамдық уроқабылдағыш қосымша берілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XXXХІІ сессиясының төрағасы
В.Мантариди
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады