Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 5 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 ақпанда № 13-1-171 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда "Қызылжар Нұры" газетінде, 2010 жылғы 19 ақпанда "Проспект СК" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"1. Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген 50 пайызға көтерілсін".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
О. Завьялов |
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
А. Бердағұлов |