Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 5072 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексі 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 505, 506-баптарында белгіленген Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 31.03.2021 № 2 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Қосымшаға сәйкес Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Қ. Мұқышев
      Петропавл қалалық
мәслихатының хатшы
А. Бердағұлов

  2018 жылғы "29" қарашадағы қалалық мәслихат шешіміне қосымша

Петропавл қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-171 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпандағы "Проспект СК", "Қызылжар нұры" газеттерінде жарияланған).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 2 "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" ІV шақырылған Петропавл қалалық мәслихаты кезектен тыс ХХІІІ сессиясының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-195 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 мамырдағы "ВсҰ будет хорошо", 2011 жылғы 13 мамырдағы "Қызылжар нұры" газеттерінде жарияланған).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 2 "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 болып тіркелген, 2016 жылғы 09 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады