Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 ақпанда N 13-1-171 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 5 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген 50 пайызға көтерілсін".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.03.2011 N 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 22.07.2016 N 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы ІІІ шақырылған кезектен тыс Х сессиясының № 2 шешімінің күші жойылды деп есептелсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 желтоқсанның 1424 нөмірінде тіркелді, "Добрый вечер" газетінің 2004 жылғы 31 желтоқсанның 53 нөмірінде жарияланды).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Мишин
      Қалалық мәслихат
хатшысы
Р. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады