Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 20.03.2018 № 20/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Репсубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2016 жылғы 01 қаңтарында "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне енгізіліген өзгертулерге сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 05 мамыр № 3242 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамыр "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 15 мамыр "Сельская новь" газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.