"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 46/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 3712 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 20.03.2018 № 20/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Репсубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2016 жылғы 01 қаңтарында "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне енгізіліген өзгертулерге сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 05 мамыр № 3242 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамыр "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылғы 15 мамыр "Сельская новь" газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық
мәслихаттың
ХХХХVІ сессиясының
төрайымы
Г.Оспанова
      Жамбыл аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б.Мұсабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының
әкімі
2016 жылғы 09 наурыз
И.Турков
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
Комитеті Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің
"Жамбыл ауданы
бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2016 жылғы 09 наурыз
А.Жүрсінәлин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады