Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 20.03.2018 № 20/3 (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 387-бабының 1-тармағына және 444-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 09.03.2016 N 46/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 379, 381, 383-бабтарымен орнатылған 50 пайызға, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес қолданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының мөлшермелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес қолданылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 444-бабымен орнатылған бірыңғай жер салығының мөлшермелері он есеге жоғарылатылсын.
4. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 28 шілдедегі "Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшермелерін түзету туралы" (2011 жылғы 01 қыркүйек № 13-7-156 Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде тіркелген, 2011 жылғы 23 қыркүйектегі "Ауыл арайы" және 2011 жылғы 30 қыркүйектегі "Сельская новь" газеттерінде жарияланған) № 34/4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.