Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 наурызда № 4638 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мəслихатының 03.04.2020 № 46/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 11.05.2022 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің, 505, 506-бабтарымен белгіленген Жамбыл ауданы бойынша жер салығы мөлшерлемелері, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, базалық мөлшерлемелерден 50 пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 3/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 11.05.2022 № 15/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мəслихатының 03.04.2020 № 46/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Солтүстік Қазақстан Жамбыл ауданы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының мөлшермелерін түзету туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 05 мамырда № 3242 тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда "Ауыл арайы" газетінде, 2015 жылы 15 мамырда "Сельская новь" газетінде жарияланған);

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшермелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 31 наурыздағы № 36/6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" 2016 жылғы 09 наурыздағы № 46/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 13 сәуірде № 3712 тіркелген, 2016 жылы 04 наурызда "Ауыл арайы" газетінде, 2016 жылы 04 наурызда "Сельская новь" газетінде жарияланған).

      5. Осы шешім 2019 жылы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілетін 1 тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы
мәслихатының кезекті ХХ
сессиясының төрайымы
О.Овчинникова
      Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы Б.Мұсабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасының басшысы

      ____________М.Садықов

      2018 жыл "20" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады