Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 16.04.2018 № 3-25 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы "Шұғыла" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе мәтіні келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 387 бабының 1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.