Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 16-13с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 13-13-104 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 16.04.2018 № 3-25 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 387 бабының 1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 03.08.2016 № 7-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:

      1) жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері;

      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері;

      3) елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық мөлшерлемелері.

      Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 02.07.2015 N 6-33с шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 5-5с (2008 жылғы 28 сәуірдегі тіркеу № 13-13-62) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. Шешімге өзгерту енгізілді - Уәлиханов аудандық мәслихатының 23.10.2009 N 4-16с Шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді).

      3. Көрсетілген шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

      Ескерту. Шешім 3-тармақпен толықтырылды - Уәлиханов аудандық мәслихатының 23.10.2009 N 4-16с Шешімімен (бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді).

      Сессия төрайымы Т.Вьюшкина
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ә. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады