Жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 сәуірде № 4694 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 19.05.2022 № 3-18 c (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уəлиханов аудандық мəслихатының 27.03.2020 № 6-52 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2022 № 3-18 c (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерінен басқа, Салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 05.04.2021 № 2-5 с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 19.05.2022 № 3-18 c (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Уәлиханов аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI шақырылған
XXV сессия төрағасы,
Уәлиханов аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Кәдіров

  Уәлиханов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 3-25 с шешіміне қосымша

Уәлиханов аудандық мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырда № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы № 22 "Шұғыла" және "Ел тынысы" газетінде жарияланды).

      2. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы № 4-16 с "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 12 қарашада № 13-13-112 тіркелген).

      3. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 11-31 с "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 мамырда № 3251 тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі № 6-33 с "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 тамызда № 3336 тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Уәлиханов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 7-5 с "Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 тамызда № 3882 тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады