Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгеріс енгізілсін.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы "11" мамырдағы № 96 қаулысына қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына енгізілетін өзгеріс
1. "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 болып тіркелген, 2010 жылы 6 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27- бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2612 болып тіркелген, 2012 жылы 5 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27- бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
3. "Атырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 153 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2013 жылы 20 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысында:
кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126–баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".