Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 мамырда № 2612 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 7, 39, 125, 126-баптарына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидасына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, оларды санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау мақсатында Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 11.05.2016 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары 557, 36 шақырым ұзындықта, белдеулері 696,79 шақырым ұзындықта және олардың шаруашылық пайдалану режимі бекітілген "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы", "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасы" және "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамалары негізінде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 29.08. 2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорғау белгілерін орнату және бекіту жөнінде шаралар қабылдасын.

      3. Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарының әкімдеріне:

      1) су қорғау аймақтары мен белдеулердің шекараларын өзгертуді жүзеге асырсын, оларды су қорының жерлеріне ауыстыру жөніндегі жер-есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізсін және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;

      2) су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарды құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізсін.

      4. Ведомстволық тиістілігі мен меншік нысанына қарамастан, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер учаскелерін пайдаланып отырған кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық субъектілерінің басшыларына оларды тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылық пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. А. Дәукеновке жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Б. Дәукенов

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына 1-қосымша

Каспий теңізінің Атырау бөлігіндегі су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 29.08. 2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бекітілген "Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы", "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекараларын белгілеу жобасы" және "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамаларға сәйкес мыналар белгіленеді:

1. Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау аймақтарының ені аумақтар бойынша:

      Құрманғазы ауданында 38,58 шақырым ұзындықта 2000 метр қабылданады;

      Исатай ауданында 140,03 шақырым ұзындықта 420 метрден 2000 метрге дейін қабылданады;

      Махамбет ауданында 42,89 шақырым ұзындықта 2000 метр қабылданады;

      Мақат ауданында 16,60 шақырым ұзындықта 2000 метр қабылданады;

      Жылыой ауданында 204,60 шақырым ұзындықта, бекітілген "Теңізшевройл" ЖШС жер пайдалану бөлігіндегі Каспий теңізінің су қорғау аймақтары шекараларының өтуіне түзетулер жасау бойынша жобаны дайындау" жобалық құжаттамаға сәйкес "Теңіз" кен орнының учаскесінен және "Теңіз" кен орнынан солтүстікке қарай (өндірудің лицензиялық аумағының және жабдықтау объектілерін орналастыру бойынша жобалау–барлау жұмыстарына арналған учаскелер) орналасқан учаскелерден басқа 2000 метр болып қабылданады. "Теңіз" кен орны бойынша су қорғау аймағы 46°2'50,809" солтүстік ендік; 53°15'54,353" шығыс бойлық координаттарымен 1-нүктеден 46°11'37,020" солтүстік ендік; 53°20'22,016" шығыс бойлық координаттарымен 2-нүктеге дейін 1000 метр болып қабылданады. "Теңіз" кен орнының солтүстігінде орналасқан учаскеде (өндірудің лицензиялық аумағының және жабдықтау объектілерін орналастыру бойынша жобалау–барлау жұмыстарына арналған учаскелер) су қорғау аймағы координаттары 46°16'41,422" солтүстік ендік; 53°23'34,458" шығыс бойлық 1-нүктеден координаттары 46°19'38,769" солтүстік ендік; 53°25'41,214" шығыс бойлық 2-нүктеге дейін 1000 метр болып қабылданады;

      Атырау қаласы бойынша 114,66 шақырым ұзындықта, минус 27 метрге тең, соңғы он жылдағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінен, 1000 метрден 2000 метрге дейін қабылданады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 29.08. 2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Каспий теңізі жағалауында су қорғау белдеулерінің ені аумақтар бойынша:

      Құрманғазы ауданында 51,41 шақырым ұзындықта 200 метр қабылданады;

      Исатай ауданында 176,92 шақырым ұзындықта 35 метрден 200 метрге дейін қабылданады;

      Махамбет ауданында 45,29 шақырым ұзындықта 35 метрден 200 метрге дейін қабылданады;

      Мақат ауданында 11,63 шақырым ұзындықта 200 метр қабылданады;

      Жылыой ауданында "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін белгіленген су қорғау белдеуі учаскесінен басқа жерде 280,85 шақырым ұзындықта 50 метрден 198 метрге дейін қабылданады. "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілерінде су қорғау белдеуі 35 метр болып қабылданады және бекітілген "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілері үшін су қорғау белдеулерінің шекарасын белгілеу жобасы" жобалық құжаттамаға сәйкес "Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің объектілері үшін жүктерді тасымалдау бағдары" объектілерінің сыртқы шекараларының бойымен 21,21 шақырым ұзындықта өтетін болады (су қорғау белдеуінің шекараларын жылжыту нүктелерінің координаттары 1-нүктеден (45°51'28,807" солтүстік ендік; 53°9' 47,295" шығыс бойлық) 1/15-нүктеге (45°51'37,608" солтүстік ендік; 53°3'34,799" шығыс бойлық) дейін);

      Атырау қаласы бойынша 130,64 шақырым ұзындықта, Каспий теңізінің жағалауындағы Солтүстік – Каспий мұнай төгілулеріне әрекет ету экологиялық базасының (бұдан әрі – СКМТӘЕЭБ) салынған алаңында су қорғау белдеуінен басқа, минус 27 метрге тең, соңғы он жылдағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейі белгісінен 35 метрден 200 метрге дейін қабылданады.

      СКМТӘЕЭБ алаңында су қорғау белдеуі 1 628 метр ұзындықта СКМТӘЕЭБ объектісінің маңында айналма жолдың сыртқы жағымен жиек таспен өтетін болады, кірме арна бойымен су қорғау белдеуінің ені 250 метр ұзындықта және Приморский арнасы 8 000 метр ұзындықта әрбір жағынан 35 метр болып алынады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 29.08. 2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жаңадан жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдармен заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына 2-қосымша

      Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 12.03.2014 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Каспий теңізінің Атырау бөлігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық пайдалану режимi

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Су қорғау белдеулерінің шегінде:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады