Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 26.12.2019 № 1894 қаулысымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 50 теңге көлемде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Тәңірбергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қала әкімі | Ә.Өсербаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан қалалық
мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев
" 23 " желтоқсан 2016 жыл