Түркістан қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 1778 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 3941 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1894 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 26.12.2019 № 1894 қаулысымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түркістан қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 50 теңге көлемде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Тәңірбергеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қала әкімі Ә.Өсербаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түркістан қалалық

      мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев

      " 23 " желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады