Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12936 тіркелген) сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақсукент ауылдық округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М.Сиддиков |
Сайрам аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ж.Сүлейменов |
Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-36/VI шешіміне 1 қосымша |
Ақсукент ауыл округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м³ |
1 | Жабдықталған үйлер (көпқабатты құрылыстар) | 1 тұрғын | 2,007 |
2 | Жабдықталған және жабдықталмаған үйлер (бір қабатты құрылыстар) | 1 тұрғын | 1,898 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,883 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,33 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,24 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,016 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,474 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1оқушы | 0,033 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,058 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары | 1 орын | 0,06 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
12 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м² | 0,90 |
13 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² | 0,365 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,219 |
15 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | - |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | - |
17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,365 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 2,01 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,847 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,848 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,1 |
22 | Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,25 |
23 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² | 0,06 |
Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-36/VI шешіміне 2 қосымша |
Ақсукент ауыл округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Атаулары | Есептік бірлігі | Баға (теңгемен) | |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер | | |
1.1. | Жабдықталған үйлер (көпқабатты құрылыстар) | 1 тұрғыннан | 120 |
1.2. | Жабдықталған және жабдықталмаған үйлер (бір қабатты құрылыстар) | 1 тұрғыннан | 110 |
1.3. | Заңды тұлғалардан | 1 текше метр | 835 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер | | |
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 текше метр | 183 |
| | 1 тонна | 915 |
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 237 |
| | 1 тонна | 1185 |