Сайрам аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 13-92/VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 наурызда № 4005 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 35-226/V "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 тіркелген, 2014 жылдың 17 қазанда "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-36/VІ "Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3834 тіркелген, 2016 жылдың 2 қыркүйегінде "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      Сессия төрағасы А.Джамалова
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады