Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-36/VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 тамызда № 3834 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 13-92/VI шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 16.03.2017 № 13-92/VI шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген) және "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға және көмуге тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12936 тіркелген) сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсукент ауылдық округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімге 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Ақсукент ауылдық округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімге 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М.Сиддиков
      Сайрам аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж.Сүлейменов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 шілдедегі
№ 6-36/VI шешіміне 1 қосымша

Ақсукент ауыл округі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары


Қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м³

1
Жабдықталған үйлер (көпқабатты құрылыстар)
1 тұрғын
2,007
2
Жабдықталған және жабдықталмаған үйлер (бір қабатты құрылыстар)
1 тұрғын
1,898
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,883
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,33
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,24
6
Емханалар
1 адам
0,016
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,474
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1оқушы
0,033
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 орын
1,058
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары
1 орын
0,06
11
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,08
12
Азық-түлік дүкендері
Сауда алаңы 1м²
0,90
13
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Сауда алаңы 1м²
0,365
14
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1м²
0,219
15
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1м²
-
16
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1м²
-
17
Дәріханалар
Сауда алаңы 1м²
0,365
18
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
2,01
19
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,847
20
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,848
21
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1м²
0,1
22
Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1м²
0,25
23
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1м²
0,06

      

  Сайрам аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 шілдедегі
№ 6-36/VI шешіміне 2 қосымша

Ақсукент ауыл округі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атаулары

Есептік бірлігі

Баға (теңгемен)

1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге арналған тарифтер
 
 
1.1.
Жабдықталған үйлер (көпқабатты құрылыстар)
1 тұрғыннан
120
1.2.
Жабдықталған және жабдықталмаған үйлер (бір қабатты құрылыстар)
1 тұрғыннан
110
1.3.
Заңды тұлғалардан
1 текше метр
835
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер
 
 
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
183
 
 
1 тонна
915
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
237
 
 
1 тонна
1185

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады