Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 54 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 3954 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 155 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 333 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 тіркелген) Созақ ауданының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381 және 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г.Әлімбекова
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев

О повышении базовых ставок земельного налога

Решение Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 23 декабря 2016 года № 54. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 10 января 2017 года № 3954. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29 марта 2018 года № 155

      Сноска. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 29.03.2018 № 155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 387 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), с подпунктом 15) пукта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. На основании схемы зонирования земель Созакского района, утвержденной решением Созакского районного маслихата от 17 февраля 2016 года № 333 (зарегистрирированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3620) повысить базовые ставки земельного налога, установленные статьями 379, 381 и 383 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) для земель, находящихся в зонах 1, 2, 3, 4, 5, 6 за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции на 50 (пятьдесят) процентов.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2017 года.

      Председатель сессии
      районного маслихата Г. Әлімбекова
      Секретарь районного
      маслихата Б. Байғараев