Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Созақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 333 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 тіркелген) Созақ ауданының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381 және 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Г.Әлімбекова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Байғараев |