Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 3/20-06 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3804 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 25/12-06 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 25/12-06 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Қынтаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы У.Маткеримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады