Ескерту. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 05.03.2019 № 30/256-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 18.11.2019 № 40/326-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген № 1 қосымшаға сәйкес Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін .
2. Қоса берілген № 2 қосымшаға сәйкес Жарма ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтері бекітілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Қ. Түлеубаева |
Мәслихат хатшысы | А. Сахметжанова |
Жарма аудандақ мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI шешіміне 1 қосымша |
Жарма ауданының коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м³ |
1 | Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,56 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторилер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,64 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,44 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,39 |
6 | Емханалар | 1 келу | 0,1 |
7 | Ауруханалар, санаторилер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,1 |
8 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,3 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 0,82 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,37 |
11 | Мұражайлар,көрмелер | Жалпы алаңы м² | 0,24 |
12 | Стадиондар, спорттық алаңдар | Жоба бойынша 1 орын | 0,57 |
13 | Спорт , би және ойын залдары | Жалпы алаңы м² | 0,67 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м² | 0,8 |
15 | Машиналардан сату | Сауда алаңы 1м² | 0,44 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² | 0,6 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,57 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,18 |
19 | Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базарлары | Жалпы алаңы 1м² | 0,1 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | --- |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,5 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м² | --- |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,4 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,2 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,1 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,10 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,48 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,5 |
29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,47 |
30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,43 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м² | 0,64 |
32 | Ауылдың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | --- |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | --- |
Жарма аудандақ мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI шешіміне 2 қосымша |
Жарма ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтері
Атаулары | Баға (теңге) ҚҚС -сыз |
Жеке тұлғаларға 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарын көму | 164 |
Заңды тұлғаларға 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарын көму | 512 |