Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4846 болып тіркелді. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 30/256-VI шешімімен. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 40/326-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің қолданысы тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 05.03.2019 № 30/256-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 18.11.2019 № 40/326-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) бұйрығына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген № 1 қосымшаға сәйкес Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін .

      2. Қоса берілген № 2 қосымшаға сәйкес Жарма ауданыны бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтері бекітілсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Қ. Түлеубаева
      Мәслихат хатшысы А. Сахметжанова

  Жарма аудандақ мәслихатының
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 9/73-VI шешіміне 1 қосымша

Жарма ауданының коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары


Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м³

1

Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,56

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

1

3

Қонақ үйлер, санаторилер, демалыс үйлері

1 орын

0,64

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,44

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,39

6

Емханалар

1 келу

0,1

7

Ауруханалар, санаторилер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

1,1

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,3

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

0,82

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,37

11

Мұражайлар,көрмелер

Жалпы алаңы м²

0,24

12

Стадиондар, спорттық алаңдар

Жоба бойынша 1 орын

0,57

13

Спорт , би және ойын залдары

Жалпы алаңы м²

0,67

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1м²

0,8

15

Машиналардан сату

Сауда алаңы 1м²

0,44

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1м²

0,6

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м²

0,57

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары

Жалпы алаңы 1м²

0,18

19

Өнеркәсіптік тауарларының көтерме базарлары

Жалпы алаңы 1м²

0,1

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1м²

---

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1м²

0,5

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1м²

---

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м²

0,4

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,2

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,1

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,10

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,48

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м²

0,5

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1м²

0,47

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

1 жұмыс орны

0,43

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1м²

0,64

32

Ауылдың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

---

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

---

  Жарма аудандақ мәслихатының
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 9/73-VI шешіміне 2 қосымша

Жарма ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтері

Атаулары

Баға (теңге) ҚҚС -сыз

Жеке тұлғаларға 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарын көму

164

Заңды тұлғаларға 1 м3 тұрмыстық қатты қалдықтарын көму

512


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады