Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 20.06.2018 № 23-6/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 444 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Шаймарданова |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |