Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл аруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2016 жылғы 07 маусымдағы N 3-3/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 шілдеде N 4590 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 20.06.2018 № 23-6/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 444 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Шаймарданова
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады