Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемдері:
Павлодар облысы – 1 715 028 000 (бір миллиард жеті жүз он бес миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;
Карағанды облысы – 1 526 620 000 (бір миллиард бес жүз жиырма алты миллион алты жүз жиырма мың) теңгеден артық емес;
Алматы облысы – 1 995 267 000 (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион екі жүз алпыс жеті мың) теңгеден артық емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы – 2 773 345 000 (екі миллиард жеті жүз жетпіс үш миллион үш жүз қырық бес мың) теңгеден артық емес;
Қостанай облысы – 1 286 058 000 (бір миллиард екі жүз сексен алты миллион елу сегіз мың) теңгеден артық емес;
Жамбыл облысы – 1 371 028 000 (бір миллиард үш жүз жетпіс бір миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |