Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 ақпанда № 14755 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Павлодар, Карағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Павлодар облысы – 1 715 028 000 (бір миллиард жеті жүз он бес миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;

      Карағанды облысы – 1 526 620 000 (бір миллиард бес жүз жиырма алты миллион алты жүз жиырма мың) теңгеден артық емес;

      Алматы облысы – 1 995 267 000 (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион екі жүз алпыс жеті мың) теңгеден артық емес;

      Оңтүстік Қазақстан облысы – 2 773 345 000 (екі миллиард жеті жүз жетпіс үш миллион үш жүз қырық бес мың) теңгеден артық емес;

      Қостанай облысы – 1 286 058 000 (бір миллиард екі жүз сексен алты миллион елу сегіз мың) теңгеден артық емес;

      Жамбыл облысы – 1 371 028 000 (бір миллиард үш жүз жетпіс бір миллион жиырма сегіз мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады