1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 94 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген |
Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышы
Бюджет түрi | Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы / тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайда болу көздерi | Пайдалану бағыттары | Негiздеме | ||||||
Функционалдық топ | |||||||||
Кiшi функция | |||||||||
Бағдарламалардың әкiмшiсi | |||||||||
Бағдарлама | |||||||||
Кiшi бағдарлама | |||||||||
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ РБ РБ РБ РБ РБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ ЖБ | 04 04 04 04 05 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 04 06 06 04 04 04 04 04 04 04 | 6 9 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 4 4 1 1 2 2 2 2 2 2 2 | 225 240 225 240 225 240 261 261 261 360 360 360 360 360 360 464 261 360 261 360 471 471 471 465 285 285 381 | 204 041 099 005 019 038 003 003 006 006 003 003 004 004 005 005 003 003 024 024 015 016 004 004 005 017 006 007 006 | 100 100 100 000 000 100 011 015 011 015 011 015 011 015 011 015 011 015 000 000 100 100 011 015 000 000 000 000 000 | 001 | Қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (балалар және жасөспiрiмдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейiмдiлiктер мен қызығушылықтарды дамыту), iске асыру. | 1) мекемелердiң оқу-материалдық базасын нығайту; 2) оқу жабдықтарын және мүкәммалiн сатып алу, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу; 3) оқушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу; 4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту; 5) бiлiм алушыларды көтермелеу және оқушылардың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жекелеген бөлiгiне материалдық көмек көрсету; 6) күнi ұзақ болатын мектептерде және мектептер мен мектеп-интернаттарда күн ұзақ болатын топтары оқушыларын тамақтандыру; 7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу және басқа да шығыстар); 8) мектеп алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу; 9) экскурсиялар мен мектеп кештерiн өткiзу; 10) мектептердi, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу; 11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту; 12) спорт алаңдарын салу; 13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен оқушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру; 14) сауықтыру iс-шаралары; 15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу; 16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру; 17) үйiрме жетекшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеу; 18) үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар; 19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу; 20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу; 21) жабдықтар, мүккәммал (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешек сатып алу; 22) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар; 23) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу; 24) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекшi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу; 25) музыкалық аспаптарды жөндеу; 26) қозғалтқыштарды пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар; 27) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар; 28) iссапар шығыстары (111, 112, 113, 121, 122, 124, 131, 132, 135, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 324, 414, 416, 419, 421). | "Бiлiм беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 63-бабы, "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi № 1102 қаулысы. |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 002 | Музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшiн төлем | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ | 04 | 2 | 261 | 003 | 011 | 003 | Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң энергия қондырғыларымен және бу қазандықтарымен берiлетiн жылу энергиясын жiбергенi үшiн төлем | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 004 | Оқу-өндiрiстiк шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өнiмдерiн өндiруді және өткiзудi ұйымдастыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 9 | 240 | 041 | 100 | 005 | Жазғы демалысты ұйымдастыру, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң, бiлiм беру ұйымдарында өткiзiлетiн түрлi iс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 006 | Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер, педагог қызметкерлер мен ересек тұрғындар арасында әр түрлi: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдiстемелiк әдебиеттi әзiрлеу мен iске асыру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 007 | Пәндер (дәрiстер және дәрiстердiң циклдерi) бойынша бiлiм алушылармен ғылым негiздерiн тереңдетiп зерделеудi ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 9 | 240 | 041 | 100 | 008 | Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлiнген оқу уақытынан тыс пәндер (дәрiстер және дәрiстердiң циклдерi) бойынша жекелеген бiлiм алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ | 04 | 4 | 261 | 024 | 000 | 009 | Кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетушi еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру) бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 010 | Мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 011 | Интернет-байланыстың қосымша қызметтерi | Сол сияқты | Сол сияқты |
ЖБ | 04 | 4 | 261 | 024 | 000 | 012 | Қызметкерлердi техникалық және кәсіби бiлiм беру ұйымдарында кәсіпке даярлау жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 225 | 204 | 100 | 013 | Өнер мамандықтары бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлау бойынша жөніндегі қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер | |||||||||
РБ | 10 | 3 | 212 | 256 | 100 | 014 | 1) Жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдаланған кезде, оның iшiнде: | 1) табиғи кешендердi сақтау және дамыту; 2) жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн қорғау; 3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізу; 4) аумақты тазалау және абаттандыру; 5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметке байланысты инфрақұрылымды дамыту; 6) табиғатты қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің, оның ішінде өрт күзетушілердің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметкерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу; 6-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеу; 7) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу; 8) табиғатты қорғау қызметіне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу; 9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбектегі көрсеткіштері үшін көтермелеу; 11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізу; 12) табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыру және күтіп ұстау; 13) рекреациялық аймақтарды дамыту және абаттандыру; 14) жарнамалық қызметті жетілдіру; 15) экологиялық насихатқа; 16) теріс экологиялық зардаптарды алдын алу және жою. (112, 113, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431). | "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 38-бабы, "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13378 болып тіркелді). |
РБ | 10 | 3 | 212 | 256 | 100 | 015 | Шектеулi шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан түскен кірістер, оның iшiнде: | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 5 | 694 | 007 | 100 | 016 | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 5 | 694 | 007 | 100 | 017 | Баспа және басқа да көбейтілген өнімдер өндiруден түсетiн кiрiстер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 5 | 694 | 007 | 100 | 018 | Жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтар | Сол сияқты | Сол сияқты |
Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелер көрсететiн қызметтер | |||||||||
РБ | 10 | 3 | 212 | 256 | 101 | 019 | Оқу практикаларын өткiзу есебiнен түсетiн қаражат | 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу; 2) орман және аң шаруашылығы үшiн мамандар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру; 3) орман мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу. (112, 113, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431). | 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 112-бабы, "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 наурызда № 13378 болып тіркелді). |
РБ | 10 | 3 | 212 | 256 | 101 | 020 | Мыналардың: | 1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу; 2) орман шаруашылығы жолдарын салу және күтiп ұстау, ормандарды өртке қарсы жайластыру; 3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстары; 4) табиғатты қорғау қызметiн қамтамасыз ету үшiн штаттан тыс маусымдық қызметкерлердiң, оның iшiнде өрт күзетушiлердiң, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi және өзге мақсаттарда ағаш кесудi, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметкерлердiң, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеудi жүзеге асыратын қызметкерлердiң қызметтерiне ақы төлеу; 5) байланыс құралдарын, көлiк және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшiн тұқымдар мен егу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киiм-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу; 6) орман ресурстарын қайта өңдеу үшiн қажеттi жабдықтар мен тетіктер сатып алу; 7) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу; 8) орман және аңшылық шаруашылығы үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 9) орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн еңбектегi көрсеткiштерi үшiн көтермелеу. (112, 113, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 431, 421). | Сол сияқты |
Мемлекеттiк кiтапханалар көрсететiн қызметтер | |||||||||
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 021 | Тасығыштардың, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерiнiң, көшiрмелерiн дайындау және оларды өңдеу жөнiндегi қызметтер | 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға; 2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге; 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу); 4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға; 5) кітап қорын, оқу әлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға; 6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға; 7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге; 8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар); 9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге; 10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге; 11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге; 12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға; 13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру. (124, 131, 135, 144, 149, 151, 152, 153, 156, 159, 169, 414, 419). | "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы, "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркеген). |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 022 | Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн материалдар дайындау жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 023 | Құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеудi орындау және қосымша библиография жасау жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 024 | Қолжазбаларды, құнды кiтаптарды және құжаттарды қалпына келтiру жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 025 | Көшпелi ақпараттық-көрме iс-шараларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 026 | Бiлiм беру және аударма қызметтерi | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 027 | Қолжазбаларға және құнды кiтаптарға сараптама жасау жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 028 | Байланыс операторымен жасасқан шарттың негiзiнде интернет желiсi қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 029 | Құжаттарды электронды жеткізу бойынша қызметтер, іздеу және тақырыптық ақпаратты жасау | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 030 | Экскурсиялық қызмет көрсетудi, фото және бейне түсiрiлiмдердi жүргiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 3 | 240 347 | 033 009 | 103 000 | 031 | Кiтапхана шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
Мемлекеттiк мұражайлар мен мұражай-қорықтар көрсететiн қызметтер | |||||||||
РБ ЖБ | 08 08 | 1 1 | 240 347 | 033 005 | 107 000 | 032 | Жеткiзгiштердiң, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерiнен көшiрмелер дайындау және оларды өңдеу жөнiндегi қызметтер | 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға; 2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге; 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып aлу); 4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алу. (124, 131, 135, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 414, 416, 419). | "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы, "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркеген). |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 1 | 240 347 | 033 005 | 107 000 | 033 | Байланыс операторымен жасасқан шарттың негiзiнде Интернет желiсiнiң қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 1 | 240 347 | 033 005 | 107 000 | 034 | Фото және бейне түсiрiлiмдер жүргiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 1 | 240 347 | 033 005 | 107 000 | 035 | Кәдесый және полиграфия өнiмдерiн өткiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ ЖБ | 08 08 | 1 1 | 240 347 | 033 005 | 107 000 | 036 | Мұражай-қорықтар шығарған оқу-әдiстемелiк әдебиеттi және басқа да оқу құралдарын өткiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу саласында мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 037 | Ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу нәтижесiнде алынған өнiмдердi iске асыру жөнiндегi қызметтер | 1) мемлекеттік мекемелердің сұрыптарды сынақтан өткізу станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге; 2) мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық жабдықтарды және механизмдерді сатып алуға; 3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге; 4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын сынақтан өткізу саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге; 5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының тұқымдары мен отырғызу материалдарын, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғаныш құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сұрыптарды сынақтан өткізу мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға; 6) көлік, почта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу бойынша, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге; 7) мемлекеттік мекемелердің сұрыптық тектік қоры бойынша материалдарды толықтыру үшін баспа басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді сатып алуға; 8) мемлекеттік мекемелердің ғылыми, әдістемелік материалдарын және ресми бюллетендерін шығаруға; 9) мемлекеттік мекемелердің мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 10) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға және енгізуге; 11) мемлекеттік мекемелер үшін шетелдік хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға; 12) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің неғұрлым перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізуге (егіс күні, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар мен тұсаукесерлер); 13) мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жөндеуге; 14) мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстарына; 15) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады. (112, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 413, 414, 416, 419, 421). | "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi № 422 Заңының 25-бабы, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 23-4-бабы, "Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 4-2/956 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12331 болып тіркеген). |
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 038 | Мемлекеттiк сорттарын сынау саласында ақылы қызметтер көрсету | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 039 | Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу саласында баспа өнiмдерi мен ақпараттық бюллетендердi iске асыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 040 | Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өсiрудiң сорттық агротехникасы бойынша консультациялық қызметтер көрсету | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 041 | Жоғары және орта оқу орындарының оқушылары мен студенттерi үшiн өндiрiстiк және диплом алдындағы практиканы өткiзу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 10 | 1 | 212 | 255 | 100 | 042 | Тұқым шаруашылығының аттестациядан өткен субъектiлерiне бiрегей, элиталы тұқым және кейiннен өсiрiлетiн тұқым сорттарына зертханалық сынақтан өткiзу бойынша ақылы қызметтер көрсету | Сол сияқты | Сол сияқты |
Спорт саласында мамандандырылатын Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтер | |||||||||
РБ | 02 | 1 | 208 | 047 | 100 | 043 | Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерi | 1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбек ақы төлеу, осы топтарды ұйымдастырумен байланысты шығыстарды жабу; 2) спорт құрылыстары мен ғимараттарын ұстау, жөндеу, арнайы жабдықтар мен мүкәммал, спорттық киім нысанын сатып алу, оқу-жаттықтыру жұмыстарын қамтамасыз ету, жарыстарға қатысу, спорттық іс-шараларды өткізу, әкімшілік-басқару және шаруашылық шығыстары; 3) спорттық мүкәммал мен жабдықты жөндеу; 4) автомобиль және арнайы көлiктi ұстау, арнайы техника мен жабдықты жөндеу және қызмет көрсету; 5) спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, спорт төрешiлерi мен медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, мәдени-көпшiлiк және сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөнiндегi шығыстарды жабу; 6) қызметтiк iссапарлар; 7) спортшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi жақсарту, әкiмшiлiк, шаруашылық, ұйықтайтын және қосалқы үй-жайлар үшiн жиһаз сатып алу; 8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спортшыларымен оқу-жаттықтыру және жарыстар үдерiсiн ұйымдастыру үшiн үй-жайлар мен жабдықты жалдау ақысын төлеу; 9) заттай мүлiк заттарын және басқа да нысанды және арнайы киiм-кешек сатып алу, тiгу және жөндеу; 10) коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiне ақы төлеу; 11) шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу; 12) банк қызметтерiне ақы төлеу; 13) спорттық iс-шаралардың жүлдегерлерi мен қатысушыларына жүлделер, естелiк сыйлықтар, грамоталар мен ақшалай сыйақылар; 14) спорттық iс-шараларға қатысқаны үшiн жарналар; 15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру үдерiсiн фармакологиялық қамтамасыз ету. (111, 112, 113, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 324, 341, 414, 416, 419). | "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 24-бабы, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу жөнiндегi ақылы қызмет түрлерiн көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 26 сәуiрдегi № 525 қаулысы. |
РБ | 02 | 1 | 208 | 047 | 100 | 044 | Қарулы Күштерге ведомстволық тиiстiлiгi жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық iс-шараларды (жарыстарды, арнайы кешендi спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу) ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 02 | 1 | 208 | 047 | 100 | 045 | Спорттық мүкәммалды беру жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 02 | 1 | 208 | 047 | 100 | 046 | Спортшылар мен жаттықтырушылардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейiннен iске асыра отырып, оларды даярлау жөнiндегi қызметтер | Сол сияқты | Сол сияқты |