Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1102 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 398 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 шілдедегі
N 1102 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін
көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
өткізуден түскен ақшаны жұмсау
ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      1. Осы мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Өнер мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ бұқаралық кәсіптердің қызметкерлерін даярлау жөніндегі кәсіптік оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсына алады.

      3. Мемлекеттік білім беру мекемелері білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынадай:

      1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімдері мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

      2) оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

      4) әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу;

      5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

      6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

      7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

      8) кәсіптік оқытуды ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

      9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады.

      4. Мемлекеттік білім беру мекемелері мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы тағайындалған жерде мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) осы мемлекеттік білім беру мекемелері көрсететін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар прейскуранты;

      3) үлгілік шарт нысаны.

      5. Ақылы білім беру қызметтері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен мемлекеттік (аудандық, қалалық және облыстық) білім беру органдарымен келісілген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.

      6. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге ақылы білім беру қызметтері ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тілегі бойынша жеке кесте бойынша ұсынылады.

      7. Ақылы негізде қызмет көрсететін мемлекеттік білім беру мекемелерінің және білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары шартпен реттеледі. Ақылы негізде тауарлар (жұмыстар және қызметтер) ұсынуға арналған үлгілік шарттың нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Интернет-байланыстың қосымша қызметтері түбіртек (шот-фактура) төлеу жолымен шарт жасаспай-ақ ұсынылуы мүмкін.

      8. Білім алушы шарт жасасу сәтінде бүкіл оқу кезеңі үшін бір мезгілде ақы төлеген жағдайда төлем сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейтін болады.

      Оқуға төлемді кезең-кезеңімен төлеген кезде төлем сомасы жалақы ұлғайтылған жағдайда және инфляция индексі ескеріле отырып, жылына бір реттен асырылмай ұлғайту жағына өзгертілуі мүмкін.

      9. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген уағдаластықтары негізінде жүргізіледі.

      10. Осы Ережеде көзделмеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуге рұқсат етілмейді.

      11. Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

      12. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін мемлекеттік білім беру мекемесінің өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

      Ескерту. Ереже 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      13. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін түсімдерді пайдалану бағыттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражаты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа есептеледі және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.

      Ескерту. Ереже 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.

      Ескерту. Ереже 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.06 № 899 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 шілдедегі
N 1102 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 41, 466-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 және 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1441 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 905 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 28, 297-құжат), 1-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 ақпандағы N 190 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 9, 96-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 936 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 448-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 және 2005 жылғы 18 ақпандағы N 153 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі N 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 34, 371-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1306 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 47, 531-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады