Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 18.03.2019 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде ресми жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларында:
реттік нөмірі 1 жолы мына редакцияда жазылсын:
"
1. | ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу: | |||
локальдық (монолиттік) ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу | 1 жүйе/кіші жүйе | 951 084, 8 | 1 065 215 | |
облыс деңгейінде аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу | 1 нүкте* | 97 547, 3 | 109 253 | |
өңірлік деңгейде аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өткізу | 1 нүкте* | 8 331, 3 | 9 331 | |
ақпараттық жүйені, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке аспаптық тексеру | 1 IP мекенжай* | 15 538, 4 | 17 403 |
";
реттік нөмірі 4 жолы мына редакцияда жазылсын:
"
4. | Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және "элктрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзін сүйемелдеу | 1 қызмет** | 37 933 274 | 42 485 267 |
";
реттік нөмірі 7 жолы мына редакцияда жазылсын:
"
мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану мақсатында олардың мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету: | ||||
7 | мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану мақсатында олардың мониторингі және ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету | 1 қызмет** | 163 758 431 | 183 409 443 |
зиянды бағдарламаларды зерттеудің ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету | 1 инцидент | 1 401 050 | 1 569 176 | |
ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – қызмет көрсетуден бас тарту (DDoS- шабуылдар) | 1 қарсы іс-қимыл | 6 762, 5 | 7 574 | |
алаяқтық іс-әрекеттерді зерттеудің ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету (antifraud); | 1 зерттеп қарау | 726 522, 3 | 813 705 | |
ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – бағдарламалық қамтылымның функционалын техникалық зерттеп қарау | 1 инцидент | 825 911, 6 | 925 021 |
";
ескертпе мына редакцияда жазылсын:
"Ескертпелер:
* Аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені немесе локальдық (монолиттік) бөлінген ақпараттық жүйені тексерген кезде көрсетілген қызметтердің белгіленген бағаларына қосымша қызметтік іссапарлар шығыстарының өтемақы сомалары енгізіледі.
** Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (А.Ғ. Қожықовқа) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
________________Б. Атамқұлов
2017 жылғы "__" ___________
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы "__" ___________