Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 наурызда № 10493 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 314/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20.11.2019 № 314/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-1-бабының 2-тармағына, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2-тармағына және "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары;

      2) Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 18.03.2019 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):

      1) осы бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 13 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.11.2017 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.04.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1.

Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

18 867 196,43

21 131 260

2.

Куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

18 434 031,25

20 646 115

3.

"Электрондық үкіметке", мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қатысушыларға қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

178 367 432,14

199 771 524

4.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы көрсететін қызметтер

1 қызмет*

54 237 993,75

60 746 553

      Ескертпе:

      *Қызметтер электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына
2-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағалары

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 18.03.2019 № 15/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 88 бұйрығына 3-қосымша

Байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы
мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің
бағалары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.01.2016 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 19.10.2016 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.04.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.05.2017 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2018 № 86/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1.

Радиосигналдар параметрлерін өлшеуді, радиоэлектрондық аппаратураның жанама электромагниттік сәулеленуін байқауды қоса алғанда, радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету

1 қызмет*

385 411 881, 25

431 661 307

2.

Халықаралық электр байланысы одағында Қазақстан Республикасының орбиталық-жиіліктік ресурсын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық сүйемелдеу

1 спутниктік желі

5 256 689,29

5 887 492

3.

Алып тасталды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.10.2018 № 86/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4.

Радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу:



ұялы байланыстың стационарлық (базалық) станциялары (1 типтік станция);
сымсыз радиоқолжетімділік жүйелерінің стационарлық (базалық) станциялары (WLL (1 радиожиілікті беру)

1 қызмет

20 868, 75

23 373


ультрақысқа толқынды радиобайланысқа арналған стационарлық қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;
транкингтік радиобайланыс жүйесіне арналған қабылдау - тарату радиоэлектрондық құралдары;
радиотелеметрияға арналған стационарлық (базалық) қабылдау - тарату станциялары; ұзын толқынды, орташа толқынды, қысқа толқынды диапазонға арналған стационарлық радиоэлектрондық құралдары (бір станцияға бір радиожиілік (радиоарна) үшін)

1 қызмет

18 008, 93

20 170


радиорелелік станциялар (1 станция 1 жиілікті беру)

1 қызмет

16 156, 25

18 095


жерсеріктік байланыстың стационарлық (жердегі) станциялары (1 станция)

1 қызмет

22 071,43

24 720


мыналардың: телевизиялық хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың; эфир-кәбілдік телевизия станцияларының; дыбыстық (радио) хабар таратуға арналған радиотаратушы құрылғылардың (1 радиожиілік/ телевизиялық арна 1 мультиплекс) электр магниттік үйлесімділігін есептеуді және жиіліктік-аумақтық жоспарлауды жүргізу

1 қызмет

20 725,89

23 213


Электромаганиттік үйлесімділік сараптама қорытындысының телнұсқасын беру

1 қызмет

976, 79

1 094

5.

Ұялы байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырыған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру

1 айда 1 қызмет

6 388 236

7 154 825

6.

Қалааралық және халықаралық байланыс операторларына абоненттік нөмірлердің орталықтандырыған деректер базасының ресурстарына қол жеткізуге рұқсат беру

1 айда 1 қызмет

360 626

403 902

      Ескерту:

      *Қызметтер байланыс және телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады