"Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 15/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 наурызда № 18424 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы тізілімге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының және олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Ш.Р. Қоңқашев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      қорғаныс және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 15/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары

Р/с №

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге

ҚҚС ескерілген бағасы, теңге

1

2

3

4

5

1

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қорғалуын қамтамасыз етудің мониторингі

1 торап *

91 102

102 034

2

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

159 824

179 003


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

81 155

90 894


мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу

1 қызмет**

42 129

47 184

3.

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру

1 қызмет*

887 095 812

993 547 309

4.

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпаратты жинауды, талдау мен жаиынтықтауды жүзеге асыру

1 қызмет*

324 845 031

363 826 435

5.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу

1 инцидент

2 214 719

2 480 485

6.

Ақпараттық – коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу

1 қызмет

366 847

410 869

7.

Ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу:


локальдық (тұтас) ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу

1 жүйе/ кіші жүйе

951 084,8

1 065 215


аумақтық бөлінген ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына облыс деңгейінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу

1 нүкте***

97 547,3

109 253


аумақтық бөлінген ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына аудан деңгейінде олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу

1 нүкте***

8 331,3

9 331


ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аспаптық зерттеп-қарауды жүргізу

1 ІP мекенжайы
***

15 538,4

17 403

8.

Сервистік бағдарламалық өнімге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына және ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу


бағдарламалық қамтылымның бастапқы кодының бір мегабайтын талдау

1 МБ

2 619,6

2 934


бір пайдалану нұсқасын жүктемелік сынау

1 қызмет

293 188,4

328 371


бір кіші телекоммуникация желісі мен серверлік жабдықты тексеріп қарау

1 қызмет

668 003,6

748 164


бір сынақ объектісінің қауіпсіздік функцияларын және қорғалуын сынау

1 қызмет

378 146,4

423 524

9.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асыру:


мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асыру

1 қызмет*

163 758 431

183 409 443


ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – қызмет көрсетуден бас тарту (DDOS-шабуылдар)

1 қарсы іс-қимыл

6 762,5

7 574


алаяқтық іс-қимылдарды зерттеудің ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету (antіfraud)

1 зерттеу

726 522,3

813 705


ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне әрекет ету – бағдарламалық қамтылымның функционалын техникалық тұрғыдан зерттеу

1 инцидент

825 911,6

925 021

10

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асыру

1 объект*

882 242,86

988 112

11

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру

1 торап*

162 148,21

181 606

      Ескертпе:

      * Қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.

      ** Қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.

      *** Аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені немесе локальдық (тұтас) ақпараттық жүйені зерттеп-қарау кезінде қызметтердің құнына белгіленген бағаларға қосымша қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомалары енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 15/қе бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтары және олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығының 1-тармағының 2)-тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10493 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған).

      2. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 211 бұйрығының 1-тармағының үшінші жолы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14394 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қарашада жарияланған).

      3. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14852 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 28 ақпанда жарияланған).

      4. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 133 бұйрығының 1-тармағының төртінші және бесінші жолдары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15206 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 15 маусымда жарияланған).

      5. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба, ақпараттандыру салаларындағы және байланыс, телерадио хабарларын тарату салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 407 бұйрығының 1-тармағының төртінші және бесінші жолдары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16182 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 3 наурызда жарияланған).

      6. "Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығының 2-тармағының екінші және үшінші жолдары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады