"Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 наурызда № 14891 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік статистика туралы" Заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша алты айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 14 ақпан

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов"

Приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 14 февраля 2017 года № 9. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 марта 2017 года № 14891. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 207.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 07.06.2023 № 207 (вводится в действие с 01.07.2023).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14010, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 10 августа 2016 года) следующие изменения:

      в Правилах квотирования рабочих мест для инвалидов, утвержденных указанным приказом:

      в подпункт 3) пункта 2 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      в пункт 4 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      в пункт 8 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      в пункт 15 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется.

      2. Департаменту занятости населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      4) доведение настоящего приказа до сведения местных исполнительных органов областей, городов Астана и Алматы;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Нурымбетова Б. Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      СОГЛАСОВАН
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_______________ Т. Сулейменов
14 февраля 2017 год