Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 маусымда № 32737 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттiгi

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 207 бұйрығына
1-қосымша

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 107-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;

      4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

      5) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      6) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

      7) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы.

2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;

      3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;

      4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдау;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдау;

      6) мансап орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектігі бар адамдардың саны негізінде әзірлейді.

      4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін қосымшаға сай нысан бойынша жұмыс берушілер мансап орталығына ұсынатын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының деректер қорын қалыптастырады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.

      Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленеді.

      6. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      7. Квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылады.

      8. Квотаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.

      9. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді.

      10. Әлеуметтік кодекстің 107-бабы 3-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

      11. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдар болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      12. Ұйым және дара кәсіпкерлер үшін белгіленген квота, соның ішінде осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

      13. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

      14. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектігі бар адамдар оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі.

      15. Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге еңбек шартын жасасумен расталған, (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда), бос немесе белгіленген квота шеңберінде мансап орталығынан жолдаманың болуына қарамастан берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін қосымшаға сай нысан бойынша ұсынады.

  Мүгедектігі бар адамдар үшін
жұмыс орындарын квоталау
қағидаларына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Мансап орталықтарына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның (қаланың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар мансап орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      Мансап орталығы ауданның (қаланың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне ұсынады.

      Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %)

Белгіленген квота (адам)

Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны (адам)

Квота шеңберінде мансап орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың саны саны (адам)

Мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер

Кәсіби білімі

Орташа айлық жалақысы (теңге)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

8

9

10

11

12

13

14








  "Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны
туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым мынадай мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті атқарушы орган белгілеген мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасына байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді" ұсынады:

      компанияның атауы;

      жыл басындағы қызметкерлердің еңбекақы қоры;

      квота мөлшері (қызметкерлердің еңбекақы қорының %);

      мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлердің бұрыннан атқаратын жұмыс орындарының саны;

      ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстарды қоспағанда, белгіленген квота;

      мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындарының (бос орындардың) саны;

      мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындарына (бос жұмыс орындарына) орналасу бойынша лауазымдардың атаулары;

      мамандығы (лауазымы) бойынша бос жұмыс орындарының саны;

      бос жұмыс орындары туралы мәліметтер, оның ішінде: кәсіптік білім, орташа айлық жалақы, еңбек жағдайлары және жұмысқа орналасу (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс кестесі), жұмыс тәжірибесі (осы лауазымдағы кәсіп, мамандық бойынша), 10-күнге басқа талаптар (тарифтік разряд, разряд) есепті тоқсаннан кейінгі есепті айдың.

      2. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 1-күніндегі нақты деректер бойынша қалыптастырылады.

      3. Ақпаратқа бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорының саны көрсетіледі.

      6. 3-бағанда қызметкерлердің еңбекақы төлеу қоры санынан %-бен квотаның мөлшері көрсетіледі.

      7. 4-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстарды қоспағанда, белгіленген квота көрсетіледі.

      8. 5-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар саны көрсетіледі.

      9. 6-бағанда квота шегінде мансап орталығының бағыттары бойынша жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдар саны көрсетіледі.

      10. 7-бағанда мамандығы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындарының (бос орындардың) саны көрсетіледі.

      11. 8-бағанда мүгедектігі бар адамдар үшін бос жұмыс орындары (бос жұмыс орындары) бойынша лауазымдардың атаулары көрсетіледі.

      12. 9-бағанда кәсіп (лауазымы) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес қызметкердің кәсіптік білімі көрсетіледі.

      14. 11-бағанда бос лауазымға сәйкес қызметкердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.

      15. 12-бағанда қызметкердің еңбек және еңбек жағдайлары (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс кестесі) көрсетіледі.

      16. 13-бағанда қызметкердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы мамандығы, мамандығы бойынша) көрсетіледі.

      17. 14-бағанда бос лауазымға (еңбекақы санаты, санат) орналасуға үміткер қызметкерге қойылатын өзге де талаптар көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 207 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 14010 болып тіркелді).

      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 14891 болып тіркелді).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17194 болып тіркелді).

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 22386 болып тіркелді).

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29707 болып тіркелді).

      6. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 13988 болып тіркелді).

      7. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 162 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28058 болып тіркелді).

      8. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29707 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады