"Cот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мына:
1) "Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10306 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған);
2) "Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қарашадағы № 585 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12323 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген |
Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі (бұдан әрі - Қағида) "Cот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида сот сараптамаларының күрделілік санаттарын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеудің, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін айқындайды.
2-тарау. Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі
3. Сот-сараптамалық зерттеулері күрделілік дәрежесі бойынша 4 санатқа бөлінеді:
1) жай - зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін, күрделі емес объектілер бойынша стандартты;
2) күрделілік дәрежесі орташа - бұл ретте объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары, сондай-ақ сот сараптамалық зерттеулерінің қолданылатын әдістемелері белгілі бір уақыт шығынын талап етеді;
3) күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, көп сұрақтары бар сот-сараптамалық зерттеулер;
4) аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеулер.
4. Сот-сараптамалық зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаттары осы Қағидаға қосымшада келтірілген.
5. Кешендi сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім салалары негізінде зерттеулер қажет болған жағдайда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді.
Қайталама сот сараптамасы сот сарапшысының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаған немесе оның түйіндері күмән туғызған не сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде процестік нормалар елеулі түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
Комиссиялық сот сараптамасы күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сот сарапшысы жүргізеді.
Егер осы Қағидаға қосымшада кешенді, қайталама, комиссиялық сараптамаларын жүргізу кезінде шешілетін сұрақтарды аса күрделі санатына жатқызу көзделмеген болса, онда ол сараптамалар күрделі санатына жатқызылады.
6. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын жеке адам сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және оның объектілерін іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеліп, оны кеңсеге тапсырған күнмен аяқталады.
7. Күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдері келесі тәртіпте анықталады:
1) жай - 5 тәулікке дейін;
2) күрделілік дәрежесі орташа – 20 тәулікке дейін;
3) күрделі және аса күрделі – 30 тәулікке дейін.
8. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі келесі жағдайларда тоқтатылады, егер:
1) сараптама тағайындау туралы қаулыда (анықтама) келтірілген материалдардың барлығы немесе жетіспейтін бөлігі келіп түспесе;
2) сот сарапшысы сараптама тағайындаған органға (адамға):
өзіне қосымша материалдарды беру туралы;
заттай дәлелдемелерді жоюға немесе бұзуға өтініш мәлімдесе;
3) ірі көлемді объектіні зерттеу үшін оның орналасқан жеріне шығу талап етілсе;
4) сараптама жүргізуге кіріскен сот сарапшысы белгілі бір жұмыс уақытын шығындауды талап ететін басқа іс бойынша сот отырысына қатысса;
5) сот сарапшысы басқа себептермен (іссапар, жұмысқа жарамсыздық) болмаса және материалдарды басқа сот сарапшысына тапсыруға кедергі келтіретін себептер болса;
6) ұсынылған материалдар ол бойынша сараптаманың өзге түрін жүргізіп жатқан басқа сот сарапшысында болса.
9. Сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптама қызметін Заңның 19-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асырады.
10. Сараптаманы ұзарту негіздері:
1) шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту;
2) арнайы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болған жағдайда сот сарапшылары комиссиясының құрамына сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды енгізу;
3) көпобъектілі сараптаманы жүргізу;
4) көп сұрақтары бар стандартты емес жаңа объектілерді зерттеу болып табылады.
Сот-сараптамалық зерттеулерінің түрлері бойынша сот сараптамаларының күрделілік санаттары
1. Құжаттардың сот сараптамасы
1.1. Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай:
топтық қатыстылықты анықтауға (бір немесе бірнеше тұлғаның орындау фактісі);
қимыл жүйесі дағдысының дәрежесі мен кемелдік дәрежесі бойынша мүмкін немесе болжамды орындаушыны алып тастау;
қарапайым жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді мәтіннің орындаушысын анықтау (алып тастау) (1 объектіге қатысты);
қарапайым жағдайда орындалған қолтаңбаны орындаушыны анықтау (алып тастау) (1 объектіге қатысты);
2) күрделілік дәрежесі орташа:
қарапайым жағдайда орындалған үлкен немесе орташа көлемді қолжазба мәтіннің (әріптік-сандық) орындаушысын анықтау (алып тастау) (2-ден 10 объектіге қатысты);
қарапайым жағдайда орындалған қолтаңбаның (әріптік, штрихті немесе аралас транскрипциялы) түпнұсқалылығын анықтау (алып тастау) (2-ден 10 объектіге қатысты);
3) күрделі:
қарапайым жағдайда орындалған көптеген объектілерге қатысты жазу мен қолтаңбаның сәйкестендірушілік зерттеу (10 және одан да көп объектіге);
болжамды орындаушылардың ішінен нақты бір адамның атынан орындалған қолтаңбаның орындаушысын анықтау мақсатындағы зерттеу (1 объектіге қатысты);
қолтаңбаның нақты адамдардың ішінен біреуінің ойдан шығарылған адамның орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
мәтін, жазба және қолтаңбаны нақты адамның жазуына (қолтаңбасына) еліктей отырып, қолтаңбаны әдейі өзгертіп орындауын анықтау мақсатындағы зерттеу (1 объектіге қатысты);
қарапайым және қарапайым емес жағдайларда орындалған қысқа (әріптік және сандық) жазбаларды зерттеу (1 объектіге қатысты);
уақыт алшақтығымен орындалған мәтінді (қолжазбаны) зерттеу;
басқа тұлғаның қолтаңбасына еліктей отырып, жылдам жазу тәсілімен әдейі өзгертілген қолтаңбамен орындалған қолжазбаны зерттеу (1 объектіге қатысты);
4) аса күрделі:
жеке сараптамалық әдістемелерді қолдануды қажет ететін сәйкестендірушілік, диагностикалық және жіктеушілік міндеттер;
қарапайым және қарапайым емес жағдайда орындалған қысқа жазбаларды (әріптік және сандық) зерттеу (2 және одан да көп объектіге қатысты);
мәтін, жазба және қолтаңбаны нақты адамның жазуына (қолтаңбасына) еліктей отырып, қолтаңбаны әдейі өзгертіп орындауды анықтау мақсатындағы зерттеу (2 және одан да көп объектіге қатысты);
басқа тұлғаның қолтаңбасына еліктей отырып, жылдам жазу тәсілімен әдейі өзгертілген қолтаңбамен орындалған қолжазбаны зерттеу (2 және одан да көп объектіге қатысты);
болжамды орындаушылар қатарынан нақты бір тұлға орындаған қолтаңбаның орындаушысын анықтау мақсатындағы зерттеу (2 және одан да көп объектіге қатысты);
ұқсас қолтаңбалармен орындалған қолжазбаларды зерттеу;
егде және қарт тұлғалардың атынан орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
алкогольдік және есірткіге мас күйінде орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
әдеттен тыс психофизиологиялық күйде, баспа қарпіне және арнайы қаріпке еліктей отырып орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
түпнұсқа жазуға еліктеумен орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
әдейі өзгертілген қолтаңбамен орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
дағдыланбаған сол қолды жазумен орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
автожалғандық;
шетел қарпінде (араб жазбасы, қытай иероглифі) орындалған жазу мен қолтаңбаны зерттеу;
мәтін, жазба және қолтаңба әдеттен тыс психофизиологиялық күйде немесе әдеттен тыс жағдайда орындалуын анықтау мақсатындағы зерттеу;
зерттелетін құжаттың мәтінін қай жынысқа жататын адам орындағанын анықтау мақсатындағы зерттеу;
құжатты орындаушының жасы нешеде екенін анықтау мақсатындағы зерттеу;
өзгеше материалдағы жазу мен қолтаңбаны зерттеу.
1.2. Құжаттарды сот-техникалық зерттеу
1) жай:
зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдістерін қолдануды талап етпейтін диагностикалық зерттеулер (жекелеген объектілерге қатысты);
құжаттардың деректемелерін өзгерту тәсілін анықтау;
деректемелердің бастапқы мазмұнын анықтау;
баспа үлгісінің бедерлерін басу тәсілін анықтау;
құжат бөліктерін ауыстыру фактісін анықтау;
мүшеленудің бірыңғай сызығы болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау;
жазу материалдарының түрін және жалпы тектік тиістілігін анықтау.
2) күрделілік дәрежесі орташа:
зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдістерін қолдануды талап етпейтін диагностикалық зерттеулер (көптеген объектілерге қатысты);
құжат деректемелерінің барлық түрлеріне қатысты сәйкестендірушілік зерттеу (жекелеген объектілерге қатысты);
мүшеленудің бірыңғай сызығы жоқ болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау (жекелеген объектілерге қатысты);
полиграфиялық өнімді диагностикалық және сәйкестендірушілік зерттеу (жекелеген объектілерге қатысты);
қиылысатын штрихтардың орындалуының хронологиялық реттілігін анықтау (жекелеген объектілерге қатысты);
таңба басатын құрылғылармен (дербес компьютерлердің принтерлерімен, кассалық аппараттармен және т.б.) алынған бедерлерді зерттеу;
3) күрделі:
құжат деректемелерінің барлық түрлеріне қатысты сәйкестендірушілік зерттеу (көптеген объектілерге қатысты);
мүшеленудің бірыңғай сызығы жоқ болған кезде бүтінді бөліктері бойынша анықтау (көптеген объектілерге қатысты);
қиылысатын штрихтардың орындалуының хронологиялық реттілігін анықтау (көптеген объектілерге қатысты);
полиграфиялық өнімді классификациялық, диагностикалық және сәйкестендірушілік міндеттерді шешу мақсатындағы зерттеу (көптеген объектілерге қатысты);
құжат материалдарына қатысты сәйкестендірушілік зерттеу;
құжаттарды өңдеуге, брошюралауға арналған техникалық құралдарды зерттеу;
4) аса күрделі:
ұзақ және еңбекті көп қажет ететін аспапты тәсілдерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысқан алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, сұрақтар саны көп зерттеулер (жекелеген және көптеген объектілерге қатысты);
құжат деректемелерін өңдеу (жою) үшін қолданылған заттардың табиғатын анықтау;
құжаттың бөлшегі, құжат фрагменті бетіндегі қабат ретінде желім-материалын (қағаз және картоннан өнім) зерттеу;
өртелген құжаттарды зерттеу;
құжат деректемелерінің орындалу ұзақтығын анықтау;
ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеулер;
хат материалдарын күрделі сәйкестендірушілік зерттеу (көптеген объектілерге қатысты).
1.3. Сот-автортану зерттеуі:
1) күрделілік дәрежесі орташа:
жазбаша сөз белгілерін әдейі өзгертусіз құрастырылған мәтіннің авторын анықтау;
біртұтас мәтінді құрайтын мәтіндер фрагменттерінің авторын анықтау;
2) күрделі:
басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 параққа дейінгі көлемде);
басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 параққа дейінгі көлемде);
3) аса күрделі:
басқа тілдің жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 парақтан асатын көлемде);
басқа адамның жазбаша сөзінің белгілеріне еліктеумен орындалған мәтіннің авторын анықтау (10 парақтан асатын көлемде);
өзгеше күйде орындалған мәтіннің авторын анықтау.
2. Сот портреттік сараптама
2.1. Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу
1) күрделі:
ұсынылған фотосуреттерге, негативтерге, пленка кадрларына (бейнежазбаларына) түсіріліп алынған 2-ден артық емес адамдарды дифференциалау жөніндегі зерттеу;
ұсынылған фотосуреттерде, негативтерде, кинопленка кадрларында (бейнежазбаларда, портреттерде) тіркелген нақты бір адамның ұқсастығын анықтау жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеулер (2 адамнан артық емес);
ұсынылған фотосуреттерге, негативтерге, пленка кадрларына түсіріліп алынған жануарларды дифференциалау жөніндегі зерттеу;
фотосуреттердегі (негативтерде, кинопленка кадрларында, бейнежазбаларда) бейнелер бойынша жануарларды сәйкестендірушілік зерттеу;
2) аса күрделі:
ұсынылған фотосуреттерге, негативтерге, пленка кадрларына (бейнежазбаларына) түсіріліп алынған 2-ден көп адамдарды дифференциалау бойынша зерттеу;
ұсынылған фотосуреттерде, негативтерде, кинопленка кадрларында (бейнежазбаларда, портреттерде) тіркелген нақты бір адамның ұқсастығын анықтау жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеулер (2 адамнан көп);
адамның сыртқы түрінің субъективті бейнесі бойынша сәйкестендірушілік зерттеу;
пластикалық ота әсерінен жасанды өзгеріске және жастық түрленуге ұшыраған тұлға бейнесін сәйкестендірушілік зерттеу;
3. Сот бейнефонографиялық сараптамасы
3.1. Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауысты және дыбысталған сөздерді спектральді (аспаптық) зерттеу.
3.2. Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу. Дауыс және дыбысталған сөздерді аудитивтік және лингвистикалық зерттеу.
1) күрделі:
зерттелетін фонограммадағы әңгіменің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (қанағаттанарлық сападағы 15 минутқа дейінгі дыбыс жазбасы немесе қанағаттанарлықсыз сападағы 5 минутқа дейінгі дыбыс жазбасы);
жазу барысында немесе одан кейін енгізілген монтаждау және өзгерістер белгілерін анықтау (зерттелетін 1 фонограмма);
дауыс пен сөздерді сәйкестендірушілік зерттеу (1-2 диктор);
зерттелетін фонограммадағы негізгі дыбыс жазбасына ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипатын анықтау жөніндегі зерттеулер (зерттелетін 1 фонограмма);
зерттелетін фонограммаға жазылған әңгімеге қатысқан адамдардың санын анықтау (зерттелетін 1 фонограмма);
зерттелетін фонограммада (зерттелетін 1 фонограмма) тіркелген акустикалық дыбыстардың ішінен белгілі (нақты) дыбыстың шығу көзін анықтау (мұндай жағдайда тәжірибелік үлгілер - зерттелетін объектімен жасалатын дыбыс жазбасы қажет);
2) аса күрделі:
зерттелетін фонограммадағы әңгіменің сөзбе-сөз мазмұнын анықтау (қанағаттанарлық сападағы 15 минуттан көп дыбыс жазбасы немесе қанағаттанарлықсыз сападағы 10 минутқа дейінгі дыбыс жазбасы);
жазу барысында немесе одан кейін енгізілген монтаждау және өзгерістер белгілерін анықтау (зерттелетін 2 фонограммадан көп);
ұсынылған дыбысжазушы қондырғымен фонограмманың дыбысжазбасының өндірісін анықтау мүмкіндігі;
дауыс пен сөздерді сәйкестендірушілік зерттеу (2-ден көп диктор);
зерттелетін фонограммадағы негізгі дыбыс жазбасына ілеспе дыбыстардың шығу көзі мен сипатын анықтау жөніндегі зерттеулер (зерттелетін 2 және одан да көп фонограмма);
зерттелетін фонограммаға жазылған әңгімеге қатысқан адамдардың санын анықтау (зерттелетін 2 және одан да көп фонограмма);
зерттелетін фонограммада (зерттелетін 2 және одан да көп фонограмма) тіркелген акустикалық дыбыстардың ішінен белгілі (нақты) дыбыстың шығу көзін анықтау (мұндай жағдайда тәжірибелік үлгілер – зерттелетін объектімен жасалатын дыбыс жазбасы қажет);
4. Сот фототехникалық сараптамасы
4.1. Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу
1) күрделі:
суретті дайындау тәсілін анықтау бойынша (фотографиялық технологияның ережелерін сақтау) зерттеу;
түсірілім шарттарына (анықтық, айқындық, жарықтың болуы, суреттің ракурсы, кедергілердің болуы, тәулік уақыты) жататын жағдайларды анықтау жөніндегі зерттеулер;
бейнежазбаға жазылған заттардың жекелеген сипаттамаларын (түстік, сандық белгілерін және т.б.) анықтау мен табу жөніндегі зерттеулер;
позитив бойынша негативті сәйкестендірушілік зерттеулер;
оператордың, түсірілімді жүргізуші адамның кәсіби дағдысын, біліктілігін анықтау жөніндегі зерттеулер.
2) аса күрделі:
суретте бейнеленген заттардың көлемін және олардың ара қашықтығын анықтау жөніндегі зерттеулер;
түсірілім аппаратурасын, техникалық құралдарды (ұлғайтқыш, жиектеме, кескіш) сәйкестендірушілік зерттеулер;
бейнежазбаға түсіріп алынған әрекеттердің мазмұнын анықтау мен олардың мағыналық мазмұнын бағалау жөніндегі зерттеулер;
сәйкестендірушілік деңгейді зерттеу (екі немесе одан да көп жазбада, фотосуретте бейнеленген заттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, жер телімін сәйкестендіру);
жүргізілген әрекеттердің мағынасы мен мазмұнын анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде түсірілген бейнематериалдарды зерттеу;
бейнежазбада бейнеленген заттардың қолдану мақсатын анықтау жөніндегі зерттеулер;
бейнесуреттің дайындалу уақытын (ескілігін) анықтау жөніндегі зерттеулер және оңып кеткен бейнені қалпына келтіру;
бейнежазбада көрсетілген заттардың көлемі мен олдардың ара қашықтығын анықтау жөніндегі зерттеулер;
бейнелердің монтажын анықтау жөніндегі зерттеулер;
бейнесуреттер бойынша болған оқиғаның жағдайларын зерттеу (ЖКО, тінту және басқалары).
5. Сот трасологиялық сараптамасы
5.1. Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу
1) жай:
мүшеленудің жалпы сызығы болған кездегі біртұтас бүтінді бөлшектері бойынша анықтау;
аяқ, аяқ киім мен қол іздерінің жарамдылығына зерттеу;
объектілерді суық қару түріне жатқызу мақсатында зерттеу.
2) күрделілік дәрежесі орташа:
объектілердегі зақымдардың пайда болу механизмін анықтау;
жекелеген бөлшектердің нақты бір көлік құралына жататындығын анықтау;
объектілерді дайындау тәсілін анықтау;
іздерді қалдырған көлік құралының моделін анықтау мақсатында киімдегі протектор іздерін зерттеу;
аяқ киім типін, қозғалыс бағытын анықтау мақсатындағы аяқ киім ізін зерттеу;
металдану іздерін зерттеу;
тораптар мен ілмектерді түрін, типін анықтау мақсатында зерттеу;
тіс іздерін, олардың сәйкестендіруге жарамдылығын зерттеу;
қан іздерін сәйкестендіруге жарамдылығын зерттеу;
3) күрделі:
объектілердегі зақымдарды түсірген заттың түрі мен типін анықтау мақсатында зерттеу;
мүшеленудің жалпы сызығы болмаған жағдайдағы біртұтас бүтінді бөлшектері бойынша анықтау;
қол және аяқ іздерін сәйкестендірушілік зерттеу;
құлыптардың, бақылау және құлыптанатын құрылғылардың жарамдылығы және кілтпен ашылуы мүмкіндігі туралы сұрақты шешу мақсатында олардың механизмдерін зерттеу;
жойылған таңбалау белгілерін зерттеу және анықтау;
нақты көлік құралына тиістілігін анықтау мақсатында фарлардың ыдыратқыштарының сынықтарын зерттеу;
кедергілердегі бұзу іздерін зерттеу;
жануарлардың іздерін зерттеу;
тораптар мен ілмектерді оны байлаған адамның кәсіби біліктілігінің болуы туралы сұрақты шешу мақсатындағы зерттеу;
тіс іздерін сәйкестендірушілік зерттеу;
4) аса күрделі:
оқиға орнына немесе зерттеу объектісіне барып қараумен ұштасатын зерттеулер;
жиынтықтық бүтінді анықтау;
объектіге зақым түсірген затты анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
зақым келтіру сәтіндегі жәбірленушінің орналасу орнын анықтау;
тасымалдаушы-объектідегі қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау жөніндегі зерттеу;
ахуалдық деңгейдегі сұрақтарды шешуге байланысты және тәжірибелер жүргізуді, модельдеуді қажет ететін ведомствоаралық кешенді сараптамалар.
6. Сот баллистикалық сараптамасы
6.1. Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу
1) жай:
зауыттық тәсілмен жасалған қаруды (түрі (оқ дәрімен ататын, пневматикалық, газды және т.б.), типі, маркасы, моделі, дұрыстығы мен атуға, атыс жасауға жарамдылығы, қарудың 3 бірлігіне дейінгі немесе әр түрінен 10 данаға дейінгі мөлшердегі бытыраның 3 түрі бар аз объектілі) жіктеушілік және диагностикалық міндеттерді шешу мақсатында зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
патрондардың құрамын зерттеу (әр түрінен 10 данаға дейінгі мөлшердегі бытыраның 3 түріне дейін);
зақымдануларды оқ атуға жатқызу мақсатында зерттеу;
3) күрделі:
оқтар мен гильзалардағы іздер бойынша сәйкестендірушілік зерттеулер;
оқ дәрімен ататын қаруға жатқызу мақсатында қолдан жасау тәсілімен дайындалған объектіні зерттеу;
патрон жабдықтарының құрауыштарын зерттеу (әр түрінен 10 данаға дейінгі мөлшердегі бытыраның 3 түрінен көп);
4) аса күрделі:
оқтағы, бытырадағы, кәртештегі, жабдықтардың құрауыштарындағы іздер бойынша тегіс ұңғылы қаруды сәйкестендіру мақсатындағы зерттеу;
патрон құрауыштарының біртұтас шығу көзін анықтау;
ату іздері мен жағдаяттарын зерттеу;
зақым келтіру сәтіндегі атқан адам мен жәбірленушінің орналасу орнын анықтау (сот-медициналық сарапшылармен бірлесе отырып кешенді ахуалдық сараптамалар, тәжірибелер жүргізу, модельдеу).
7. Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
7.1. Лакты бояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.2. Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу
7.3. Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу
7.4. Топырақты сот-сараптамалық зерттеу
7.5. Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
7.6. Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу
7.7. Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу
7.8. Әйнектен, керамикадан және силикаттық құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу
1) жай:
қатпарларды табу мақсатында тасымалдаушы объектілерді зерттеу;
заттың, қатпарлардың затын лакты-бояу жабындарына (әрі қарай - ЛБЖ), лакты-бояу материалдарына (әрі қарай – ЛБМ), полимерлік материалдарға (әрі қарай - ПМ), металдар мен қорытпаларға, мұнай тектес өнімдерге, топыраққа, спиртқұрамды сұйықтарға (әрі қарай – СҚС) жатқызу мақсатында оның табиғатын анықтау;
жаратылысы талшықты емес тасымалдаушы-объектілердегі (тырнақ астындағылар, дактиласкопиялық үлбір және басқалары) жекелеген талшықтарды олардың табиғаты мен пайда болуы мүмкін көздерін анықтау мақсатында зерттеу;
этил спирттерін, арақтарды айқын күштілігін анықтау мақсатында зерттеу;
люминесценциялайтын заттардың қатпарларын табу және оларды физикалық сипаттамалары негізінде арнайы химиялық заттарға жатқызу мақсатында тасымалдаушы-объектілерді зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
жаратылысы талшықты объектілерді жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
аз объектілі, киімнің жекелеген заттарымен шектелген (2 көп емес) не аз талшықты құраммен сипатталатын киім;
талшықты материалдардың қандай мақсатқа қажеттілігін анықтау мақсатында олардың жанып кеткен қалдықтарын зерттеу (үш объектіден көп емес);
салмағы 0,01 грамға дейінгі топырақ тектес объектілердің жалпы тектік, топтық тиістілігін анықтау мақсатында жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
бұйымның нақты тегіне, түріне жатқызу мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС ( арақтың, спирттің түрлерін) қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу (20 объектіге дейінгі аз объектілі);
арнайы химиялық заттарды (әрі қарай – АХЗ) АХЗ бір сыныбына, түріне, маркісіне жатқызу мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
заттар мен материалдардың сот сараптамасы (әрі қарай – ЗМСС) объектілерінің із жасау және із қабылдау қабілеттерін, іздердің пайда болу механизмдерін анықтау;
орамдағы көрсетілген табиғатын растау мақсатында (талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы) дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп емес);
3) күрделі:
бұйымның нақты тегіне, түріне, маркісіне жататынын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, СҚС (арақтың, спирттің түрлерін) (20 объектіден артық, көп объектілі), СҚС (вино, коньяк, ликер, тұнбалардың түрлерін және басқаларды), мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын қолданыстағы жіктеуіштерге сәйкес жіктеушілік зерттеу;
ЗМСС объектілерін дайындау әдістерін анықтау;
металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау;
жалпы тектік, топтық қатыстылығын анықтау мақсатында ЛБЖ, ЛБМ, ПМ, металдар мен қорытпаларды, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын, СҚС тиістілігін анықтау мақсатында сәйкестендірушілік зерттеу;
жаратылысы талшықты объектілерді (көп объектілі, киімнің көп талшықты құрамын ескере отырып) жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
салмағы 0,1 грамннан артық топырақ қатпарларын жіктеушілік және сәйкестендірушілік зерттеу;
талдаудың дәстүрлі әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу (5 объектіден көп);
ЗМСС кез келген объектілерін зерттеу кезінде ахуалды модельдеу әдісін пайдалану арқылы арнайы химиялық заттардың із жасау механизмін зерттеу;
екі көлік құралының өзара түйіспелі әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;
объектілерде ортақ бөліну сызығы болмаған кездегі физикалық-техникалық әдістер кешенін пайдалана отырып тұтасты бөліктері бойынша анықтау;
4) аса күрделі:
киім жиынтықтарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау;
екеуден артық көлік құралдарының өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер;
жердің оқшауланған жер телімін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер (топырақтық-биологиялық-техногендік кешен объектілері);
металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың талқандалу себебін анықтау мақсатындағы кешенді зерттеулер;
пайда болуының ортақ көзін анықтау, бір массаға тиістілігін, тұтасты бөліктері бойынша анықтау сұрақтарын шешу мақсатындағы зерттеу;
зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты бір оқиғасы жағдайларымен кеңістік-уақыт бойынша байланысын анықтау;
талдаудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану арқылы белгісіз және дәстүрлі емес объектілерді зерттеу;
дәстүрлі емес әдістерді, өзге мекемелердің базасын пайдалану, мамандарды сырттан тарту талап ететін сараптамалық міндеттерді шешу;
білімнің әртүрлі салалары пайдаланылатын ЗМСС шеңберіндегі кешенді сараптамалар;
ахуалдық және сәйкестендірушілік міндеттер шешілетін ведомствоаралық деңгейде жүргізілетін кешенді сараптамалар.
8. Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы
8.1. Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай:
қосымша редакциялаудың қажеттілігі болмаған кезде, бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып зерттелетін жол-көлік оқиғасы (әрі қарай – ЖКО) жағдайлары жөніндегі сұрақтарды автоматтандырылған режимде шешу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
қосымша редакциялаудың және/немесе бағдарламалық қамтылымда есепке алынбаған сұрақтарды шешудің қажеттілігі болған кезде, бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып ЖКО жөніндегі сұрақтарды автоматтандырылған режимде шешу;
3) күрделі:
оқиға орнына шығумен байланысты зерттеулер;
автомобиль жолдарының, көлік құралдарының элементтерін зерттеу;
4) аса күрделі:
құрамына ЖКО графикалық/графикалық талдау әдістерімен немесе ахуалдарды күрделі бағдарламалық қамтылымдарда 2-3 өлшемдік модельдеу арқылы талдау және қайта қалпына келтіру кіретін зерттеулер.
8.2. Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа:
көлік құралдарының (әрі қарай – КҚ) өзара әрекеттескен бөліктерін, КҚ соқтығысу бұрышын, 2 көлік құралы және заттық жағдайы тиісті деңгейде шегенделген барлық қажетті бастапқы мәліметтері болған кездегі алғашқы түйісу сәтіндегі олардың өзара орналасуын анықтау мақсатындағы зерттеу;
көлік құралдарының соқтығысу орнын, олардың жолдың жүріс бөлігінде орналасуын, соқтығысу алдындағы динамикалық күйін, 2 көлік құралы және заттық жағдайы тиісті деңгейде шегенделген барлық қажетті бастапқы мәліметтері болған кездегі ЖКО динамикасын анықтау мақсатындағы зерттеу;
2) күрделі:
мәліметтер жиынтығы және заттық жағдайы тиісті деңгейде шегенделмеген кездегі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сұрақтарды шешу мақсатында зерттеу;
көлік құралының жүргізушісі маневр (бұрылыс/кері қарай бұрылыс) жасар алдындағы жолдағы жағдайды анықтау.
3) аса күрделі:
тек бір КҚ ғана ұсынылған кезде (КҚ соқтығысқан жағдайда) 8.2 тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сұрақтарды шешу мақсатындағы зерттеу;
ЖКО жасалған сәтте меңгерікте отырған адамды анықтау;
жаяу жүргіншінің киімі және аяқ киіміндегі іздер бойынша және оқиға орнындағы іздер бойынша жаяу жүргіншіні басып кету орнын анықтау;
түйісу сәтіндегі КҚ қатысты жаяу жүргіншінің орны мен оның қозғалыс режімін анықтау.
8.3. КҚ сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай:
жүру бөлігін сынақтан өткізе отырып, аспаптар базасын қолдану арқылы жарамды КҚ техникалық күйін зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
объектілердің мөлшері аз немесе КҚ бөлшектеу қажет болған кезде жарамсыз КҚ техникалық күйін зерттеу;
3) күрделі:
шамдарды зерттеу;
КҚ бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу (КҚ тораптары мен агрегаттарын зертханалық жағдайда бөлшектеу қажет болмаған кезде);
4) аса күрделі:
стандарттау үшін және бөлшектерді дайындаудың дайындаушы-зауыт белгілеген технологиялық картасы мен оны дайындаудың техникалық шарттары мен талаптарына сәйкестігіне металографикалық және материалтану зерттеуін жүргізе отырып, тораптары мен агрегаттарын бөлшектеу қажет болған кездегі КҚ бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу;
КҚ бөлшектерінің бұзылу себептерін анықтау мақсатындағы зерттеу;
ЖКО дейін/алдын пайда болған табылған ақау мен ЖКО басталуы фактісі арасындағы себеп-салдар байланысын зерттеу.
8.4. ЖКО орнындағы жолдың техникалық күйін, жол жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
1) күрделілік дәрежесі орташа:
іс материалдарында шегенделген заттық жағдайлар мен барлық қажетті бастапқы деректердің сәйкестігін анықтау мақсатындағы зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
мәліметтер жиынтығы мен заттық жағдайдың тиісті түрде шегенделуінің болмаған жағдайдағы қажетті іздік ақпаратты, анықтау, табу және шегендеу мақсатындағы зерттеу;
3) аса күрделі:
жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеуін (8.1.) жүргізу үшін сұрақтарды және 8.2. (көлік-трасологиялық зерттеу) тобының сұрақтарын шешу мақсатындағы оқиға орнын зерттеу;
жаяу жүргіншінің немесе көлік құралының жайластыру элементтерімен және жол жабдықтарымен түйісу іздерін анықтау мақсатындағы зерттеу (өзге кедергілермен екінші рет түйісу);
оқиға орнындағы іздік ақпараттарды элемент бойынша зерттей отырып ЖКО даму механизмін (ЖКО қалпына келтіру) анықтау;
оқиға орнындағы іздер, қан іздері, киім элементтері қалдырған биологиялық массалар, жаяу жүргінші алып жүрген заттар және басқа да объектілер бойынша жаяу жүргіншіні басып кету орнын анықтау;
жол бөлігінің жоспары мен кескінін (ұзына бойғы, көлденең еңіс; айналма радиусы, қарсы еңіс, теріс көлденең еңіс және т.б.) анықтау;
оқиға орнының бөлігіндегі көлденең және тік белгілердің МемСТ-қа сәйкестігін және жол жабдықтарының қауіпсіздік нормаларына сәйкестігін анықтау;
оқиға орнын, шинаның жол төсемімен ілінісу коэфициентін өлшей отырып жол төсемінің пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатындағы зерттеу;
9. Сот экономикалық сараптамасы
9.1 Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу
9.2 Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу
9.3 Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу
9.4 Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу
1) жай:
көлемі 20 беттен көп емес, ұсынылған жалпы текті құжаттамалардың негізінде жүргізілген зерттеулер;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
көлемі 100 беттен көп емес, ұсынылған жалпы текті құжаттамалардың негізінде жүргізілген зерттеулер;
3) күрделі:
көлемі 500 беттен көп емес, ұсынылған әртүрлі текті құжаттамалардың негізінде жүргізілген зерттеулер;
4) аса күрделі:
көлемі 500 беттен көп, ұсынылған әртүрлі текті құжаттамалардың негізінде жүргізілген зерттеулер;
10. Сот тауартану сараптамасы
10.1. Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі:
1) жай:
1-ден 5 данаға дейінгі бірлі-жарым объектілердің мөлшерлік (салмағын, сызықтық өлшемдерін) сипаттамаларын зерттеу;
халық тұтынатын тауарлардың (әрі қарай – ХТТ) бірлі-жарым объектілерін жіктеушілік зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
объектілерді өндіруші елді анықтау, бұйымның 10 данасына дейінгі;
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді жіктеушілік зерттеу, бұйымның 10 данасына дейінгі;
ХТТ қатысты ахуалдық міндеттерді шешу (нарықтық құнын анықтау), бұйымның 10 данасына дейінгі;
объектілердің тозу дәрежесін анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары);
сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚТН) кодын анықтау (таралған объектілердің), 10 бұйымға дейінгі;
объектілерді өндіру тәсілін анықтау;
ақауды түзетудің, қарапайым объектілерді жөндеудің құнын анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары), 20 бұйымға дейінгі;
3) күрделі:
объектілерді өндіруші елді анықтау, бұйымның 20 данасына дейінгі;
ХТТ қатысты ахуалдық міндеттерді шешу (нарықтық құнын анықтау), 10-нан 50 объектілерге дейінгі;
технологиялық жабдық пен эксклюзивті объектілердің (тозуын, бүлінуін, бұзылуын есепке ала отырып және есепке алмай) құнын анықтау, 10 данаға дейін қоса алғандағы;
объектілердің құнын анықтау (нарықта таралмаған, мамандандырылған), 10 данаға дейін қоса алғандағы;
эксклюзивтік объектілердің СЭҚТН кодын анықтау (таралмаған, мамандандырылған объектілер);
объектілерді ұсынылған үлгілерге сәйкестендіру, бұйымның 5 данасына дейінгі;
тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша мемлекеттік стандарттардың, техникалық шарттардың, халықаралық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтау, 10 объектіге дейінгі;
объектілерді (нарығы шектелген өндірістік-техникалық мақсаттағы) қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау, 10 данаға дейінгі;
өндірістік-техникалық мақсаттағы объектілердің зақымдарының, ақауларының сипаты мен пайда болу себептерін анықтау, 10 данаға дейінгі;
бұйымдарды өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі зерттеу кезіндегі объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау, 10 объектіге дейінгі;
4) аса күрделі:
объектілерді өндіруші елді анықтау, бұйымның 20 данасынан көп;
ақауды түзетудің, қарапайым объектілерді жөндеудің құнын анықтау (ХТТ, тұрмыс техникалары), 20 объектіден көп;
ХТТ тауарларға қатысты ахуалдық міндеттерді шешу (нарықтық құнын анықтау), іріктелгеннен 50 данаға дейін немесе объектілер жиынынан бұйымның 100 данасына дейін бөліп алып;
технологиялық жабдық пен эксклюзивті объектілердің (тозуын, бүлінуін, бұзылуын есепке ала отырып және есепке алмай) құнын анықтау, 10 данадан көп;
объектілердің құнын анықтау (нарықта таралмаған, мамандандырылған), 10 объектіден көп;
объектілерді ұсынылған үлгілерге сәйкестендіру,5 данадан көп;
тауарлардың сапасы мен жиынтығы бойынша мемлекеттік стандарттардың, техникалық шарттардың, халықаралық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтау, 10 объектіден көп;
объектілерді (нарығы шектелген өндірістік-техникалық мақсаттағы) қалпына келтіру жұмыстарының, ақауын түзетудің, жөндеудің құнын анықтау, бұйымның 10 данасынан көп;
өндірістік-техникалық мақсаттағы объектілердің зақымдарының (ақауларының) сипаты мен пайда болу себептерін анықтау, бұйымның 10 данасынан көп;
бұйымдарды өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі зерттеу кезіндегі объектілердің тауарлық түрін жоғалтуын анықтау, бұйымның 10 данасынан көп;
10.2. Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі.
1) жай:
бірлі-жарым объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау, 5 данаға дейін;
бірлі-жарым объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау, 5 данаға дейін;
бірлі-жарым объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау, 5 данаға дейін;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
бірлі-жарым объектілердің техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттамаларға сәйкестігін анықтау;
заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда тауарлардың сипаттамаларын зерттеу, 5 объектіге дейін;
объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау, 5-тен 10-ға дейін;
объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау, 5-тен 20-ға дейін;
объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау, 5-тен 20-ға дейін;
3) күрделі:
объектілердің техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттамаларға сәйкестігін анықтау, 10-ға дейін;
заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда тауарлардың сипаттамаларын зерттеу, 5-тен 20 объектіге дейін;
объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау, 10-нан 20-ға дейін;
объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау, 10-нан 20-ға дейін;
объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау, 10-нан 20-ға дейін;
азық-түлік тауарларының бірлі-жарым объектілерінің негіз болатын сипаттамаларын жиынтықты түрде (сапасын, мөлшерін, құнын – 5 объектіге дейін) зерттеу;
азық-түлік тауарларының құнын анықтау, 20 объектіге дейін;
4) аса күрделі:
тауарларды дайындаушы-зауыт өнімдеріне сәйкестігіне зерттеу;
объектілерді өрттен, су басып қалғаннан және т.б. кейінгі зерттеу кезінде тауарлық түрін жоғалтуын анықтау;
объектілердің техникалық шарттарға, мемлекеттік стандарттарға және өзге де нормативтік құжаттамаларға сәйкестігін анықтау, 10-нан көп;
заттар мен материалдардың сот-сараптамасымен бірге кешенді сараптамаларда тауарлардың сипаттамаларын зерттеу, 20 объектіден көп;
объектілердің сапалық сипаттамаларын анықтау, 20 данадан көп;
объектілердің мөлшерлік сипаттамаларын анықтау, 20 данадан көп;
объектілердің құндық сипаттамаларын анықтау, 20 данадан көп;
азық-түлік тауарларының бірлі-жарым объектілерінің негіз болатын сипаттамаларын жиынтықты түрде (сапасын, мөлшерін, құнын – 5 объектіден артық) зерттеу;
азық-түлік тауарларының құнын анықтау, 20 объектіден көп;
10.3. Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі:
1) жай (3 объектіге дейін қоса алғанда):
ұсынылған көлік құралының сипаттамаларын анықтау (моделін, маркасын, шығарылған жылын, жарақтандырылуын және т.с.с);
ұсынылған көлік құралының амортизациялық тозуын анықтау;
көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдары мен көлік құралдары бөлшектерінің атаулары бойынша нарықтық құнын анықтау;
зерттеу объектісінің ұсынылған уақытынан екі жыл аспайтын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің қалдық құнын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа (3 объектіден көп):
ұсынылған көлік құралының сипаттамаларын анықтау (моделін, маркасын, шығарылған жылын, жарақтандырылуын және т.с.с);
ұсынылған көлік құралының амортизациялық тозуын анықтау;
көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдары мен көлік құралдары бөлшектерінің атаулары бойынша нарықтық құнын анықтау;
зерттеу объектісінің ұсынылған уақытынан екі жыл аспайтын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
көлік құралына тексеру жүргізудің қажетінсіз көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің қалдық құнын анықтау;
3 объектіге дейін қоса алғанда:
көлік құралына немесе детальдарына тексеру жүргізудің қажеттілігімен көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
ұсынылған уақытынан екі жыл асатын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
көлік құралдарын ұсынған кездегі көлік құралы мен бөлшектерінің қалдық құнын анықтау;
көлік құралының тауарлық түрін жоғалту құнын анықтау;
3) күрделі:
3 объектіден көп:
көлік құралына немесе детальдарына тексеру жүргізудің қажеттілігімен көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
ұсынылған уақытынан екі жыл асатын кезеңдегі көлік құралдарының және көлік құралдары бөлшектерінің нарықтық құнын анықтау;
көлік құралдарын ұсынған кезде көлік құралы мен бөлшектерінің қалдық құнын анықтау;
көлік құралының тауарлық түрін жоғалту құнын анықтау;
3 объектіге дейін қоса алғанда:
көлік құралын қалпына келтіру-жөндеу құнын анықтау;
көлік құралын жөндеудің техникалық-экономикалық мақсатқа сайлығын анықтау;
4) аса күрделі (3 объектіден көп):
көлік құралын қалпына келтіру-жөндеу құнын анықтау;
көлік құралын жөндеудің техникалық-экономикалық мақсатқа сайлығын анықтау;
көлік құралын қалпына келтіру бойынша жүргізілген жұмыстардың түрі мен олардың жөндеу технологиясына сәйкестігін анықтау.
10.4. Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі:
1) жай (3 объектіге дейін):
құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылмалардың құнын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
құрылыс материалдарының, бұйымдардың, құрылмалардың құнын анықтау, 3 объектіден көп;
құрылыс бұйымдары мен құрылмалардың құнын олардың физикалық тозуын есепке ала отырып анықтау;
пәтердің сараптаманы жүргізу сәтіндегі нарықтық құнын анықтау;
жер телімінің сараптаманы жүргізу сәтіндегі нарықтық құнын анықтау;
3) күрделі:
пәтердің сараптаманы жүргізер сәтінің алдындағы кезеңдегі нарықтық құнын анықтау;
жер телімінің сараптаманы жүргізер сәтінің алдындағы кезеңдегі нарықтық құнын анықтау;
тұрғын үй-жайының уақыттың кез келген кезеңіндегі нарықтық құнын анықтау;
шағын жылжымайтын объектілердің (тұрғын үйге арналған объектілерден бөлек) сараптаманы жүргізу сәтіндегі нарықтық құнын анықтау;
4) аса күрделі:
көп объектілі сараптамаларда жылжымайтын объектілердің (тұрғын үйге арналған объектілерден бөлек) уақыттың кез келген кезеңіндегі нарықтық құнын анықтау;
құрылысы аяқталмаған объектілердің нарықтық құнын анықтау;
таратқыш құрылғылар объектілерінің нарықтық құнын анықтау;
10.5 Дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық тауартану зерттеуі
жай:
зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау, 5 данаға дейін;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау, 5-тен 10 данаға дейін;
3) күрделі:
зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау, 10-нан 20 данаға дейін;
4) аса күрделі:
зерттеу объектісінің лицензиялық өнімге сәйкестігін анықтау, 20 және одан көп данаға дейін;
11. Сот құрылыс сараптамасы
11.1. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа:
жылжымайтын мүліктерді (пәтерлерді, жеке тұрғын үйлерді) қайта құру жөніндегі жұмыстарының нақты құнын анықтау;
өрт немесе су басу нәтижесінде зақымданған үй-жай немесе пәтер бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;
2) күрделі:
өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары мен имараттарын су басу (өртену) нәтижесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құнын анықтау;
құрылыстың бірлі-жарым объектілерін зерттеу: есептердің дұрыстығын және объект құнының нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне, белгіленген нормативтер мен жобаларға сәйкес жұмсалған құрылыс материалдары құнына сәйкестігін;
үй-жайды қайта жабдықтау бойынша жұмыс түрлерін, бөлудің ұсынылған нұсқаларының әрқайсысы бойынша қайта жабдықтауға кететін материалдық шығынды анықтау;
3) аса күрделі:
есептердің дұрыстығын және объект құнының өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттарында, имараттарында нақты орындалған құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлеміне сәйкестігін зерттеу;
өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша құрылыс-монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарын сапасыз орындау нәтижесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны мен көлемін анықтау;
құрылыстарды, олардың бөліктерін тұрғызу жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының, өнеркәсіптік немесе азаматтық құрылыстың ғимараттары, имараттары бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау құнының негізділігін анықтау.
11.2. Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу:
1) күрделілік дәрежесі орташа:
үй-жайларды қайта жобалау мүмкіндігін және жүргізілген жұмыстардың сәйкестігін анықтау;
пәтерді су басудың себептері мен көзін анықтау;
қалпына келтіру - жөндеудің (су басу, өрт және т.б. нәтижесінде) көлемін анықтау мақсатында көп қабатты тұрғын үйлердегі және жеке сектордағы пәтерлерді зерттеу;
жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін құрылыс салу және пайдалану кезінде ережелер мен нормалардың бұзылғанын анықтау мақсатында зерттеу;
жеке үй құрылыстарында санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтау;
жерді пайдалану тәртібін айқындау;
2) күрделі:
жеке үй қожалықтары мен жер телімдерін бөлудің нұсқаларын анықтау;
жүргізілген құрылыс-монтаждау, жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын, анықталған сәйкессіздіктерін көрсете отырып құрылыс материалдары мен бұйымдарының жарамдылық сапасын анықтау;
құрылыс материалдарын мақсатына сай қолданудың сәйкестігі мен негізділігін анықтау;
жеке үй құрылыстары мен жер телімдерін құрылыстарды салу және пайдалану кезінде құрылыс ережелері мен нормаларының бұзылғанын анықтау мақсатында зерттеу;
имараттар мен ғимараттарды салу және пайдалану кезінде құрылыс ережелері мен нормаларының бұзылғанын анықтау мақсатында зерттеу;
санитарлық, өртке қарсы және пайдалану нормаларының бұзылғанын зерттеу;
3) аса күрделі:
құрылыс құрылмаларының зақымдануының себептерін анықтау;
техникалық жобалардың бұзылуы мен одан келген зардаптың (құрылыстың сапасыздығы мен апаты, жазатайым жағдаймен) арасындағы себептік байланысты анықтау;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі апаттың техникалық себептерін анықтау;
жобада белгіленген құрылыс құрылымына түсетін салмақтың (күш салудың) негізділігін анықтау.
12. Сот технологиялық сараптамасы
12.2. Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу:
1) жай:
файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің болу, болмау фактісін анықтау (жады көлемі 80 Гб дейінгі бір объектіге қатысты);
файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді құру (өзгерту) күнін және уақытын анықтау (1 объектіге қатысты);
Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау (1 объектіге қатысты);
техникалық күйін анықтау (1 объектіге қатысты);
компьютерлік жабдықтың техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырмаға сәйкестігі/сәйкес еместігін анықтау (1 объектіге қатысты);
2) күрделілік дәрежесі орташа:
3 объектіден көп емес мөлшердегі файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің, жадысының жалпы көлемі 120-дан 150 Гб дейінгі ақпарат тасымалдағышының болу, болмау фактісін анықтау;
3 объектіден көп емес мөлшердегі файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау;
3 объектіден көп емес мөлшердегі жойылған файлдарды, жадысының жалпы көлемі 120-дан 150 Гб дейінгі ақпарат тасымалдағышын қалпына келтіру;
компьютерлік жабдықтың техникалық күйін анықтау, 3 жиынтықтан көп емес;
Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау, 3 объектіден көп емес;
нұсқасын, жиынтығын және бағдарламалық қамтылымды орнату тәсілін анықтау, 1 объектіден көп емес;
ұсынылған компьютерден кіру жүзеге асырылған сайттарды, сондай-ақ ұсынылған компьютерден белгілі бір сайттарға кіру жүзеге асырылған күнін және уақытын анықтау, 1 объектіден көп емес;
компьютерлік жабдықтың техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырмаға сәйкестігі/сәйкес еместігін анықтау, 3 объектіден көп емес;
мобильдік телефондар мен құрылғылардағы файлдарды (графикалық және мәтіндік), контактілерді, хабарламаларды, ғаламтор браузерлерінің тарихын іздеу, 1 объектіден көп емес;
3) күрделі:
5 объектіден көп емес мөлшердегі файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің, жадысының жалпы көлемі 1000 Гб дейінгі ақпарат тасымалдағышының болу, болмау фактісін анықтау;
5 объектіден көп емес мөлшердегі файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау;
5 объектіден көп емес мөлшердегі жойылған файлдарды, жадысының жалпы көлемі 1000 Гб дейінгі ақпарат тасымалдағышын қалпына келтіру;
компьютерлік жабдықтың техникалық күйін анықтау, 5 жиынтықтан көп емес;
Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау, 5 объектіден көп емес;
нұсқасын, жиынтығын және бағдарламалық қамтылымды орнату тәсілін анықтау, 3 объектіден көп емес;
ұсынылған компьютерден кіру жүзеге асырылған сайттарды, сондай-ақ ұсынылған компьютерден белгілі бір сайттарға кіру жүзеге асырылған күнін және уақытын анықтау, 3 объектіден көп емес;
компьютерлік жабдықтың техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырмаға сәйкестігі/сәйкес еместігін анықтау, 5 объектіден көп емес;
бағдарламалық қамтылымның функционалдық мүмкіндіктерін анықтау, 5 объектіден көп емес;
мобильдік телефондар мен құрылғылардағы файлдарды (графикалық және мәтіндік), контактілерді, хабарламаларды, ғаламтор браузерлерінің тарихын іздеу, 3 объектіден көп емес;
4) аса күрделі:
5 объектіден көп мөлшердегі файлдардың, бағдарламалардың, мәтіндердің, жадысының жалпы көлемі 1000 Гб артық ақпарат тасымалдағышының болу, болмау фактісін анықтау;
5 объектіден көп мөлшердегі файлдарды, бағдарламаларды, мәтіндерді жасау (өзгерту) күнін және уақытын анықтау;
5 объектіден көп мөлшердегі жойылған файлдарды, жадысының жалпы көлемі 1000 Гб артық ақпарат тасымалдағышын қалпына келтіру;
компьютерлік жабдықтың техникалық күйін анықтау, 5 жиынтықтан көп;
Майкрософт корпорациясы өнімдері туралы ақпаратты анықтау, 5 объектіден көп;
нұсқасын, жиынтығын және бағдарламалық қамтылымды орнату тәсілін анықтау, 3 объектіден көп;
ұсынылған компьютерден кіру жүзеге асырылған сайттарды, сондай-ақ ұсынылған компьютерден белгілі бір сайттарға кіру жүзеге асырылған күнін және уақытын анықтау, 3 объектіден көп;
компьютерлік жабдықтың техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырмаға сәйкестігі/сәйкес еместігін анықтау, 5 объектіден көп;
бағдарламалық қамтылымның функционалдық мүмкіндіктерін анықтау, 5 объектіден көп;
мобильдік телефондар мен құрылғылардағы файлдарды (графикалық және мәтіндік), контактілерді, хабарламаларды, ғаламтор браузерлерінің тарихын іздеу, 3 объектіден көп;
зиянды бағдарламалық қамтылымдардың бар болуын және мақсатын анықтау, 1 және одан көп объектінің;
ақпараттық жүйелердің техникалық ерекшелік пен техникалық тапсырмаға сәйкестігі/сәйкес еместігін анықтау, 1 және одан көп объектінің;
операциялық жүйеге, бағдарламалық қамтылымға рұқсатсыз қосылудың болғанын анықтау, 1 және одан көп объектінің.
13. Сот өрт-техникалық сараптамасы
13.1. Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
1) жай:
өрт ошағын оқшаулауды және оттың таралу бағытын анықтау;
өрттің туындауының техникалық себептерін анықтау;
электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (3 объектіге дейінгі мөлшерде);
өртенген бұйымдар мен материалдарды қалпына келтіру жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
тасымалдаушы-объектілерде мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының болуын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
құрылымдарды өрт ошағын оқшаулау және жанудың таралу бағытын анықтау мақсатында зерттеу (15 объектіге дейінгі мөлшерде);
электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
заттар мен материалдардың өздігінен жану мүмкіндігін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіге дейінгі мөлшерде);
электр қондырғылары күйінің жанудың пайда болуымен себептік байланысы бар болуын анықтау жөніндегі зерттеу;
өртенген бұйымдар мен материалдарды олардың қалдықтары бойынша қалпына келтіру (5 объектіден көп);
мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының түрін анықтау;
3) күрделі:
өрт механизмін сараптамалық қалпына келтіру мақсатындағы зерттеу;
мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру;
заттар мен материалдардың өздігінен жануын зерттеу;
үдеткіштер болған кездегі жану фактісін анықтау жөніндегі зерттеу (5 объектіден көп мөлшерде);
өрттің шығу көзінің табиғатын анықтау мақсатындағы зерттеу;
4) аса күрделі:
мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының нақты көлемін сәйкестендіру;
заттар мен материалдардың өздігінен жануын кешенді зерттеу.
13.2. Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу
1) күрделілік дәрежесі орташа (3 объектіге дейінгі мөлшерде):
электр құрал-жабдықтары мен электр аспаптарының техникалық күйін анықтау;
жарық техникасы бұйымдарының жарамдылығын анықтау;
электр аспаптарының, тартылымдардың және кәбілдердің маркасын (түрін), олардың техникалық күйін және пайдалану саласын анықтау;
2) күрделі:
электр тартылымдары мен электр қондырғыларын монтаждау дұрыс жүргізілген бе;
қорғаныш түрі мен жерге тұйықтау күйі Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына (әрі қарай – ЭОҚ) (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 наурыздағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 29 сәуірінде № 10851 тіркелген) сәйкес келе ме;
ұсынылған зерттеу объектілерінде қысқа тұйықталу белгілері және оның пайда болу сәті бар ма;
электр санауышынан орағыта өтіп электр энергиясын пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатындағы электр санауышын қосу схемасын зерттеу;
электр қорғанышы қондырғыларының (балқымалы сақтандырғышты, автоматты ажыратқышты) ЭОҚ талаптарына сәйкестігін тексеру;
электртартылымының ЭОҚ талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) аса күрделі:
оқиға орнына не болмаса зерттеу объектісіне шығумен байланысты болатын зерттеу;
электр қондырғысы жұмысының апаттық режимінің туындау және даму механизмін анықтау;
электр құрал-жабдығының зерттеліп отырған объектілердегі жұмыстың апаттық режимінің туындауымен немесе онда орын алған оқиғамен себептік байланысын анықтау;
электр тартылымдары мен электр қондырғыларының монтажын зерттеу;
пайдаланудың талаптарын сақтамау орын алған/алмағанын анықтау, желідегі кернеудің құлау себебін анықтау;
электр құрал-жабдығының, электртартылымының зақымдану себептерін анықтау;
электр желілерін, электр құрал-жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың себептерін анықтау және оларды бағалау.
14. Сот жарылыс-техникалық сараптамасы
14.1 Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу
1) жай:
жарылғыш заттың табиғатын анықтау;
оқ-дәрілердің түрін, олардың тактикалық-техникалық және құрылымдық деректерін анықтау;
жарылыс жасауға жарамдылығын анықтау;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
қолдан жасалған жаратын құралдарды дайындау тәсілін (құрылымын, материалдарын) және оның жұмыс істеу принципін анықтау;
жаратын құрылғыдағы, жару құралдарындағы жарылыстың болмау себебін анықтау;
апатты жағдайдың туындау себебі мен жарылыстың тікелей техникалық себептерін анықтау;
3) күрделі:
жарылғыш заттардың пайда болуының бірыңғай көзін анықтау;
жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін (жарылғыш заттардың қолданылуын және олардың мөлшерін, жаратын құрылғының түрі мен құрылымын, жарылыс ошағын және т.б.), жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін зерттеу;
жарылыс объектісі немесе онымен технологиялық тұрғыдан байланысты болған құрал-жабдықтардың техникалық күйін анықтау және бағалау;
4) аса күрделі:
жарылыс механизмін қалпына келтіру мақсатында жарылыс іздерін, жарылысқа дейінгі материалды жағдайдың түрі мен қасиетін кешенді зерттеу.
15. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
15.1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу
1) жай:
есірткі құралдарын, психотропық заттар мен прекурсорларды диагностикалық зерттеу (табиғаты біркелкі 15 объектіге дейін);
таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды диагностикалық зерттеу (табиғаты біркелкі 5 объектіге дейін);
2) күрделілік дәрежесі орташа:
есірткі құралдарын, психотропық заттар мен прекурсорларды диагностикалық зерттеу (табиғаты әр түрлі 15 объектіге дейін);
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды диагностикалық зерттеу (табиғаты әр түрлі 5 объектіге дейін);
есірткі құралдарын, психотропық заттар мен прекурсорларды диагностикалық зерттеу (табиғаты біркелкі 15 объектіден көп);
3) күрделі:
есірткі құралдарын, психотропық заттар мен прекурсорларды диагностикалық зерттеу (табиғаты әр түрлі 15 объектіден көп);
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды диагностикалық зерттеу (20 объектіге дейін);
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері болмаған кездегі фармацевтикалық препараттарды диагностикалық зерттеу;
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды сәйкестендірушілік зерттеу (10 объектіге дейін);
4) аса күрделі:
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды диагностикалық зерттеу (20 объектіден көп);
мөлшерлік анықтау кіретін, таңбалық белгілері бар болған кездегі фармацевтикалық препараттарды сәйкестендірушілік зерттеу (10 объектіден көп);
белгісіз заттың табиғатын анықтау;
мөлшерлік анықтау кіретін, есірткі құралдары мен психотропық заттардың аналогтарын диагностикалық зерттеу;
мөлшерлік анықтау кіретін, есірткі құралдары мен психотропық заттардың аналогтарын сәйкестендірушілік зерттеу;
ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеу.
16. Сот биологиялық сараптамасы
16.1. Өсімдік тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу
1) жай:
тасымалдаушы-объектілерді табиғаты биологиялық қатпарларды анықтау және оларды өсімдік тектес объектілер тобына жатқызу мақсатында зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
макроморфологиялық белгілері бойынша объектілердің нақты түрін биологиялық жіктеу (тұқымдас, тек, түр) арқылы анықтау;
3) күрделі:
микроқатпарлары бойынша объектілердің нақты түрін биологиялық жіктеу (тұқымдас, тек, түр) арқылы анықтау;
салыстырылатын объектілердің жалпы тектік, топтық қатыстылығы туралы сұрақты шешу жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеу;
объектілерді, іздің пайда болу механизмінің, вегетация кезеңдерінің, сақталу дәрежесінің белгілері бойынша олардың жалпы топтық қатыстылығын анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу;
топырақ-биологиялық-техногендік-кешен (әрі қарай - ТБТК) объектілері қатпарларының пайда болу көзін анықтау жөніндегі диагностикалық міндеттерді шешу;
4) аса күрделі:
кешенді сараптамалар шеңберіндегі өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау;
салыстырылатын объектілердің біртұтас бүтінге жататындығы туралы сұрақты шешу жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеу;
объектілердің бірыңғай массаға (шикізатқа, жартылай өнімге, өсімдік шикізатынан өңделген өнімдерге) жататындығы туралы сұрақты шешуге бағытталған сәйкестендірушілік зерттеу;
жердің оқшауланған жер телімін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер (ТБТК объектілері);
зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғаларымен кеңістік-уақыттық байланысын анықтау.
16.2. Жануар тектес объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу:
1) жай:
тасымалдаушы-объектілерді табиғаты биологиялық қатпарларды анықтау және оларды жануар тектес объектілер тобына жатқызу мақсатында зерттеу;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
макроморфологиялық белгілері бойынша объектілердің нақты түрін биологиялық жіктеу (тұқымдас, тек, түр) арқылы анықтау;
3) күрделі:
микроқатпарлары бойынша объектілердің нақты түрін биологиялық жіктеу (тұқымдас, тек, түр) арқылы анықтау;
салыстырылатын объектілердің жалпы тектік, топтық қатыстылығы туралы сұрақты шешу жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеу;
объектілерді, іздің пайда болу механизмінің, вегетация кезеңдерінің, сақталу дәрежесінің белгілері бойынша олардың жалпы топтық қатыстылығын анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу;
топырақ-биологиялық-техногендік-кешен (әрі қарай – ТБТК) объектілері қатпарларының пайда болу көзін анықтау жөніндегі диагностикалық міндеттерді шешу;
4) аса күрделі:
кешенді сараптамалар шеңберіндегі өзара түйісе әрекеттесу фактісін анықтау;
салыстырылатын объектілердің біртұтас бүтінге жататындығы туралы сұрақты шешу жөніндегі сәйкестендірушілік зерттеу;
объектілердің бірыңғай массаға (шикізатқа, жартылай өнімге, өсімдік шикізатынан өңделген өнімдерге) жататындығы туралы сұрақты шешуге бағытталған сәйкестендірушілік зерттеу;
жердің оқшауланған жер телімін анықтау жөніндегі кешенді зерттеулер (ТБТК объектілері);
зерттеу объектілерінің қылмыстың нақты оқиғаларымен кеңістік-уақыттық байланысын анықтау.
17. Сот молекулярлық-генетикалық сараптамасы
17.1. Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу
1) күрделі:
қан үлгілері мен буккалдық эпителий бойынша биологиялық әкелікті анықтау;
қан үлгілері мен буккалдық эпителий бойынша биологиялық аналықты анықтау;
қан үлгілерін бұрын алынған нәтижелермен салыстырмалы талдау жүргізу мақсатындағы зерттеу;
егіздердің зиготалығын анықтау;
2) аса күрделі:
адамды танылмаған қалдықтар (сүйектер, бұлшықеттер, басқа ұлпалар) бойынша сәйкестендіру;
заттай дәлелдемелердегi қан іздерін, сілекейді, шәуетті, шашты, ұлпаны, адам жасушасын сәйкестендіру;
тікелей (ұрпағы арқылы) және тікелей емес (анасы тегі бойынша, әкесінің тегі және тармақтары бойынша) тегі бойынша биологиялық туыстығын анықтау;
тірі туыстары арқылы генетикалық кескінін қайта қалпына келтіру;
түсік материалы бойынша биологиялық әкелікті және аналықты анықтау.
18. Адамның психофизиологиялық процесстерінің сот сараптамасы
18.1. Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу
1) жай:
шектеулі көлемде және келесі мөлшерде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын объектілерді зерттеу:
ойын картасы - 5 колодаға дейін;
бейнетаспалар, CD-дискілер, DVD-дискілер, алмалы-салмалы немесе алынбайтын ақпарат тасымалдаушылар, ұялы телефондар, смартфондар, дербес қалта компьютері (ары қарай- ДҚК) 2 данаға дейін, фотосуреттер, жекелеген репродукциялар - 5 данаға дейін, журналдар, газеттер - 2 данаға дейін, кітаптар – 1 данаға дейін;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
шектеулі көлемде және келесі мөлшерде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын объектілерді зерттеу: ойын картасы – 10-нан 15 колодаға дейін; бейнетаспалар, CD-дискілер, DVD- дискілер, алмалы-салмалы немесе алынбайтын ақпарат тасымалдаушылар, ұялы телефондар, смартфондар, ДҚК-3-5 данаға дейін, фотосуреттер, жекелеген репродукциялар-5-тен 10 данаға дейін, журналдар, газеттер-5 данаға дейін, кітаптар – 2-4 данаға дейін (оқылатын мәтіннің көлеміне байланысты);
3) күрделі:
порнографиялық сипаттағы объектілерді төмендегі көлемде зерттеу: тасымалдаушы объектілерге жазылған әрекеттердің мағыналық мазмұнын анықтау (көрнекі, ауызша ақпараттар); ойын картасы - 15 және одан көп колодаға дейін; бейнетаспалар, CD-дискілер, DVD-дискілер, алмалы-салмалы (тасымалдайтын) немесе алынбайтын ақпарат тасымалдаушылар; ұялы телефондар, смартфондар, ДҚК-5 және одан да көп данаға дейін; фотосуреттер, жекелеген репродукциялар - 10-нан көп данаға дейін; журналдар, газеттер - 5 және одан да көп данаға дейін; хаттар, кез келген өзге де авторлық қолжазба нұсқалары - 5 және одан да көп данада; кітаптар – 4 және одан да көп данада (оқылатын мәтіннің көлеміне байланысты); ойын бағдарламалары – 1 және одан көп данада; өзге де стандартты емес объектілер - 1 және одан көп данада;
порнографияның, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын белгілердің болуы/болмауын анықтау; объектіні эротикалық/порнографиялық/ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын топқа жатқызу - 1 бейнетаспадан көп емес;
4) аса күрделі:
келесі мөлшерде келіп түсетін порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын объектілерді зерттеу: бейнетаспалар, CD-дискілер, DVD-дискілер, алмалы-салмалы (тасымалдайтын) немесе алынбайтын ақпарат тасымалдаушылар, ұялы телефондар, сматрфондар, ДҚК – 15 және одан да көп данада; фотосуреттер, жекелеген репродукциялар – 30 және одан да көп данада; журналдар, газеттер – 10 және одан да көп данаға дейін; хаттар, өзге де авторлық қолжазба нұсқалары – 10 және одан да көп данада; кітаптар – 10 және одан да көп данада (оқылатын мәтіннің көлеміне байланысты); ойын бағдарламалары – 1 және одан көп данада; өзге де стандартты емес объектілер – 1 және одан көп данада,
объектілерді - нақты адамның күйі және жедел-іздестіру шараларын, тергеу әрекеттерін жүргізу сәттері, жауап алу, оқиға орнында түсініктерді тексеру, ұстау және т.б. жазылған бейнежазбаларды зерттеу – 1 данадан көп;
адамның физиологиялық және психологиялық күйін өзгерту мақсатында әртүрлі құралдармен оған әсер етудің фактісін анықтау; өзі жасап жатқан әрекеттер барысында немесе оған қандай да бір құралдармен әсер етудің нәтижесінде адамның психологиялық және физиологиялық күйінің өзгеру фактісін анықтау – 5-20 данадан көп емес.
18.2. Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу
1) күрделі:
төмендегідей міндеттерді шешу мақсатындағы саны 2 данадан аспайтын баспаға шығарудың заманауи құралдарымен жасалған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникациялар мәтіндері: кітаптар, брошюралар, бұқаралық ақпарат көздеріндегі жарияланымдар, үнпарақ, плакат түрінде әзірленген нақты адамға немесе адамдар тобына айтылған қаратылған хабарламалар, әртүрлі аудио-, бейнежазбалар, дербес компьютерлер жадындағы, компакт-дискілердегі, флеш-карталардағы, басқа да электронды тасымалдағыштардағы, сондай-ақ Интернет желілерінің бетінде берілген мәтіндер және олардың баспалары, ауызша немесе жазбаша тіл (хаттар, мәлімдемелер, аудио, бейнежазбалар) құралдары арқылы, сондай-ақ әртүрлі техникалық құралдар (телефон арқылы сөйлесулер) көмегімен орындалған нақты адамға арналған жеке үндеулер, нақты даулы жағдайда бірыңғайсыздығымен сипатталатын жекелеген тілдік құрылымдар және/немесе пікірлер:
сөздің, мәтіннің жалпы бағыттылығын анықтау, олардың сипаттамасы;
автордың жеке көзқарасын жеткізудің жалпыға қолжетімділігі тұрғысынан баяндау нысанын анықтау, мәтінде жасырын, жанама ниеттің бар/жоғын анықтау;
зерттелетін объектінің баяндалу стилін, адамның ар-ожданын кемсіту және қадір-қасиетін төмендетуге бағытталған балағат сөздерді, негативті мәліметтерді қолдануын анықтау;
лексемалардың, сондай-ақ тілдік құрылымдардың қазақ, орыс тілдерінің нормаларына сәйкестігін/сәйкессіздігін анықтау;
қолданылған баяндау формасы мен тілдік қатынастың сипатын, тілдік дағдыларды қолдану деңгейін (грамматикалық, стилистикалық, синтаксистік және т,б,) меңгеру;
ұсынылған материалдардың адамның (адамдар тобының) эмоциялық, жігерлік өрісіне, бұқаралық санаға әсер етуінің психологиялық аспектісін зерттеу;
әңгімелесудің ортақ тақырыптарын анықтау;
белгілі мағыналық құрауыштардың бар/жоқтығын анықтау;
2) аса күрделі:
төмендегідей міндеттерді шешу мақсатындағы саны 3 және одан да көп баспаға шығарудың заманауи құралдарымен жасалған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникациялар мәтіндері: кітаптар, брошюралар, бұқаралық ақпарат көздеріндегі жарияланымдар, үнпарақ, плакат түрінде әзірленген нақты адамға немесе адамдар тобына қаратыла айтылған хабарламалар, әртүрлі аудио-, бейнежазбалар, дербес компьютерлер жадындағы, компакт-дискілердегі, флеш-карталардағы, басқа да электронды тасымалдағыштардағы, сондай-ақ Интернет желілерінің бетінде берілген мәтіндер және олардың баспалары, ауызша немесе жазбаша тіл (хаттар, мәлімдемелер, аудио, бейнежазбалар) құралдары арқылы, сондай-ақ әртүрлі техникалық құралдар (телефон арқылы сөйлесулер) көмегімен орындалған нақты адамға арналған жеке үндеулер, нақты даулы жағдайда бірыңғайсыздығымен сипатталатын жекелеген тілдік құрылымдар және/немесе пікірлер:
ұсынылған материалдардың адамның (адамдар тобының) эмоциялық, жігерлік өрісіне, бұқаралық санаға әсер етуінің психологиялық аспектісін зерттеу;
адамның діни ұйымдарға психологиялық тәуелділігін қалыптастыру мақсатында оған әртүрлі құралдар арқылы әсер ету фактілерін анықтау;
сөйлеушінің коммуникативтік пиғылын анықтау;
әңгімеге қатысушылардың өзара қарым-қатынас сипатын (ресми, бейресми) анықтау;
коммуникативтік ұстанымды (белсенді, белсенді емес) анықтау;
коммуниканттардың иерархиялық ролдерін анықтау (теңқұқылы, теңқұқылы емес өзара қарым-қатынас);
әңгімелесудің ортақ тақырыбын анықтау;
белгілі іс-қимылға итермелеудің белгілерінің бар/жоқтығын анықтау;
қоқан-лоққы белгілерінің бар/жоқтығын анықтау;
белгілі мағыналық құрауыштардың бар/жоқтығын анықтау;
эксплицитті (ашық) және имплицитті (жасырын, жанама) ақпаратты анықтау;
19. Сот экологиялық сараптамасы
19.1. Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу
1) күрделі:
келесі міндеттерді шешу үшін күрделіліктің 1-ден көп емес белгісімен сипатталатын топырақ-геологиялық жасалған объектілерді, су объектілерін, ауаны, табиғи және жасанды биоценоздарды және басқа объектілерді зерттеу:
сәйкестендірушілік міндеттерді шешу:
қоршаған орта объектілеріне негативті антропогендік әсердің ошақтарын анықтау;
топырақты-геологиялық, өсімдіктер мен жануарлардан алынатын объектілерге, су объектілеріне антропогендік әсердің пайда болу орны болып табылған нақты жергілікті жерлерді (әлеуетті қауіпті объект) анықтау;
диагностикалық міндеттерді шешу:
негативті антропогендік әсер ошағын немесе бірнеше ошақтарын және түрін, сондай-ақ, олардың негативті әсерінің өзара байланысын, бірізділігін, қоршаған орта объектілеріне әсерінің ұзақтығын және оның салдарының әрі қарайғы біліну аралығын анықтау;
уақыт және кеңістікке қатысты қоршаған ортаға негативті антропогендік әсердің сипатын анықтау (олардың негативті әсерінің өзара байланысын, бірізділігін, қоршаған орта объектілеріне әсерінің ұзақтығын және оның салдарының әрі қарайғы біліну аралығын анықтау);
қоршаған орта объектілеріне негативті антропогендік әсер жағдайларының деңгейін, масштабын анықтау;
негативті антропогендік әсер механизмін анықтау (әрекеттердің, оқиғалардың, құбылыстардың, олардың арасындағы себептік байланыстың әдісі мен бірізділігі);
қоршаған ортаның нақты объектілеріне негативті антропогендік әсер масштабының ұлғаюына ықпал еткен жағдайларын анықтау;
қоршаған табиғат ортасына және (немесе) қоршаған ортаның нақты объектілерінің күйін нашарлататын қауіпті заттардың таралу жолдарын анықтау;
жұмыс істеп тұрған шаруашылық объектісінің шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоршаған ортаның нақты объектілерінің негативті өзгеруінің экологиялық тәуекелін анықтау (мысалы, атмосфераға, литосфераға және гидросфераға негативті әсерін туындататын инженерлік-геологиялық және физикалық-химиялық процестердің қарқындауымен ұштасатын жер қойнауын заңсыз игеру кезіндегі ландшафтың бұзылуы (жер бетінің бұзылуы);
топырақ бетіне келеңсіз антропогендік әсер етудің анықталған белгілерін жою, нақты келеңсіз антропогендік әсер ету нәтижесінде бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге қажетті уақыт кезеңін анықтау үшін табиғатты қорғаудың көзделген іс-шараларын өткізудің жеткіліктігін анықтау;
нақты жер телімдерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған орта объектілерінің кейінде мүмкін болатын келеңсіз өзгеруін жоюдың және алдын алудың кешенді іс-шараларын анықтау;
табиғатты қорғау заңнамасын, әлуетті қауіпті объектілерді пайдаланудың шарттарын бұзумен және адам денсаулығына зиян (адам өліміне) немесе өзге де ауыр зардаптар келтіруге септігін тигізген қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты мән-жайларды анықтау;
қоршаған ортаның табылған объектілерінің жарамдылығын анықтау.
2) аса күрделі:
төмендегі міндеттерді шешу мақсатында:
топырақ-геологиялық текті объектілерді, су-ауа объектілерін, екі және одан да көп күрделілік белгілерімен сипатталатын табиғи және жасанды биоценоздарды зерттеу;
сәйкестендірушілік міндеттерді шешу:
қоршаған орта объектілеріне келеңсіз антропогендік әсер ету көзін анықтау;
топырақ-геологиялық, өсімдік және жануарлар текті объектілерге, су объектілеріне антропогендік әсер етудің пайда болу орны болатын нақты жер учаскесін (әлуетті қауіпті объектіні) анықтау;
диагностикалық міндеттерді шешу:
келеңсіз антропогендік әсер етудің түрін және орналасу көзін немесе бірнеше көзін анықтау;
уақыт және кеңістіктегі қоршаған ортаға келеңсіз антропогендік әсер етудің сипаттамасын (қоршаған орта объектілеріне келеңсіз әсер етудің өзара байланысын, жүйелігін, ұзақтығын және ілгеріде зардаптардың көріну кезеңін) анықтау;
қоршаған орта объектілеріне келеңсіз антропогендік әсер етудің дәрежесін, мән-жайлардың масштабтарын анықтау;
келеңсіз антропогендік әсер етудің механизмін (іс-әрекет, оқиғалар, құбылыстардың тәсілі мен жүйелігін, олардың арасындағы себептік байланысты) анықтау;
қоршаған ортаның нақты объектілеріне келеңсіз антропогендік әсер ету масштабтарының көбеюіне септігін тигізетін шарттарды анықтау;
қоршаған табиғи ортаға қауіпті және (немесе) қоршаған ортаның нақты объектілерінің күйін нашарлататын заттардың таралу жолдарын анықтау;
жұмыс істейтін шаруашылық объектісінің қызметін жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоршаған ортаның нақты объектілерінің келеңсіз өзгеруінің экологиялық тәуекелдерін анықтау;
қоршаған ортаның объектілеріне келеңсіз антропогендік әсер етудің анықталған белгілерін жою үшін, нақты келеңсіз антропогендік әсер ету нәтижесінде бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге қажетті уақыт кезеңін анықтау үшін табиғатты қорғаудың көзделген іс-шараларын өткізудің жеткіліктілігін анықтау;
нақты жер телімдерінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған орта объектілерінің кейінде мүмкін болатын келеңсіз өзгеруін жоюдың және алдын алудың кешенді іс-шараларын анықтау;
табиғатты қорғау заңнамасын, әлуетті қауіпті объектілерді пайдаланудың шарттарын бұзумен және адам денсаулығына зиян (адам өліміне) немесе өзге де ауыр зардаптар келтіруге септігін тигізген қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы арнайы уәкілетті тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты мән-жайларды анықтау;
21. Сот дінтану сараптамасы
21.1. Сот-сарапшылық дінтану зерттеуі:
1) күрделілік дәрежесі орташа:
мына көлемдегі материалдар бойынша діни ағымды, мазмұнын анықтау туралы бір міндетті шешу,
қазіргі полиграфия құралдарының көмегімен басылған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникациялар мәтіндері: кітаптар, кітапшалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәтіндер, форматы А4, көлемі 1-ден 5 параққа дейін; ұзақтығы 30 минутқа дейінгі бейне-аудио материалының мазмұны (уағыз, дәріс, бейнебаян және т.б.);
2) күрделі:
қазіргі полиграфия құралдарының көмегімен басылған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникациялар мәтіндері: кітаптар, кітапшалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәтіндер, нақты жеке адамға немесе адамдар тобына қаратып айтылған, үнпарақтар, плакаттар түрінде орындалған хабарламалар; әр түрлі аудио-, бейнежазбалар; флеш жинақтаушы, дербес компьютерлердің қатқыл дискілері, компакт-дискілер және басқа да электрондық жеткізгіштер жадындағы мәтіндік файлдар, сондай-ақ, интернет контент беттерінен алынып ұсынылған ақпарат және (немесе) олардан басылып шығарылғандары, мына төмендегі міндеттерді шешу үшін:
діни ағымды анықтау үшін;
мәтін мазмұнында діни себептер бойынша күрес және өзін-өзін құрбан етуге үгіт-насихаттың болу/болмауын зерттеу;
мәтінде бір топтың екінші топқа діни араздық идеяларының бар болуы/болмауын зерттеу;
зерттелетін объектінің көлемі:
көлемі 5-тен 100 параққа дейінгі баспа, жазбаша, электронды мәтін;
ұзақтығы 4 жазба сағатқа дейінгі бейне-аудио материалының мазмұны.
3) аса күрделі:
қазіргі полиграфия құралдарының көмегімен басылған мәтіндер, сондай-ақ интернет-коммуникация: кітаптар, кітапшалар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәтіндер, нақты жеке адамға немесе адамдар тобына қаратып айтылған, үнпарақтар, плакаттар түрінде орындалған хабарламалар; әр түрлі аудио-, бейнежазбалар; флеш жинақтаушы, дербес компьютерлердің қатқыл дискілері, компакт-дискілер және басқа да электрондық жеткізгіштер жадындағы мәтіндік файлдар, сондай-ақ, интернет контент беттерінен алынып ұсынылған ақпарат және (немесе) олардың басылып шығарылғандары; ауызша немесе жазбаша сөйлеу құралдарымен (хаттар, баяндамалар, аудио-, бейнежазбалар), сондай-ақ әр түрлі техникалық құралдар арқылы (телефонмен сөйлесу) орындалған жедел-іздестіру қызметі материалдары, мына төмендегі міндеттерді шешу үшін:
діни ағымды анықтау үшін;
мәтін мазмұнында діни сарындар бойынша күрес және өзін-өзін құрбан етуге үгіт-насихаттың болу/болмауын зерттеу;
мәтінде бір топтың екінші топқа діни араздық идеяларының бар болуы/болмауын зерттеу;
ауызша сөйлесу, хат алмасуда пайдаланылатын нақты тұлға, органға қатысты діни терминдер мәнін және олардың кімге қаратылып айтылғандарын анықтау;
мәтін мазмұнында діни сарындар бойынша күш көрсету әрекеттерінің болу/болмауын зерттеу;
мәтін мазмұнында Қазақстан Республикасы аумағында теократиялық құрылысты орнатуға үгіт-насихаттың болу/болмауын зерттеу;
зерттелетін объектінің көлемі:
көлемі 100 және одан да көп параққа дейінгі баспа, жазбаша, электронды мәтін;
ұзақтығы 4 жазба сағаттан артық бейне-аудио материал мазмұны.
22. Сот техногендік апаттар сараптамасы
22.1. Теміржол көлігін сот-сараптамалық зерттеу
1) күрделі:
нормативтік-техникалық құжаттамаларды, қозғалысты ұйымдастыруды, тиеу кестесін, пойыздың қозғалыс режимін пойыздың немесе вагонның штаттан тыс режимдегі (апаттық) қозғалысын бұзу белгілерін анықтау мақсатындағы зерттеу;
пойыз қозғалысының, тежеу жолының, бойлық және көлденең күштердің вагонның сығымдалуына, рельс аралық жолтабан мен рельстің жиектемелеріне әсерінің есептеулерін жүргізу;
локомотив бригадасының оқиғанын алдын алуға техникалық мүмкіндігінің болғанына не болмағанына есептеулер жүргізу;
2) аса күрделі:
жылжымалы құрамды, мәліметтер жиынтығы мен заттық жағдайдың тиісті түрде шегенделуінің болмаған кезде қажетті іздік ақпаратты, табу және шегендеу мақсатындағы зерттеу;
пойыздың қирау орнын, вагондардың рельстен шығып кету орнын, жолдың үстіңгі құрылысын, рельсті, рельсшпалдық бекітпелерді теміржол-көлік оқиғасының (ТЖКО) даму мехнизмін анықтау мақсатындағы зерттеу;
рельсшпалдық тордың элементтерін пойыздың қирау немесе вагондардың рельстен шығып кету себептерін жиынтығында шешу үшін зерттеу;
жылжымалы құрамның жүріс бөлігінің тораптарын, бөлшектерін, элементтерін,ақаудың немесе жарамсыздықтың оқиғаның дамуына жалпы алғандағы әсерінің себеп-салдарлық байланысын анықтау мақсатындағы зерттеу;
оқиға орнындағы іздік ақпараттарды элемент бойынша зерттей отырып ТЖКО даму механизмін (ЖКО қалпына келтіру) анықтау;
темір жолы бөлігінің жоспары мен кескінін (ұзына бойғы, көлденең еңіс; айналма радиусы, жолдың айналмасындағы рельстің қалпақшасының орналасуын) (сол жақ және оң жақ ауытқуларының қисығы) анықтау;
темір жолдың призмасын жол төсемдерінің пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рельс желілерінің элементтерімен, рельсшпалдық тормен, рельсшпалдық бекітпелермен кешенді зерттеу.
23. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқада тұлғалардың сот-медициналық сараптамасы
23.1. Сот-жалпы сараптамалық зерттеулер
Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқада тұлғалардың сараптамасы
1) жай:
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмаған сараптамалар;
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру кезінде 4-тен аспайтын сыртқы дене жарақаттары анықталған сараптамалар;
медициналық анықтамаларын (травматологиялық пункттен, жедел медициналық көмектен ілеспехат және т.б.) зерттеу арқылы жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру сараптамалары;
2) күрделілігі орта дәрежелі:
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру кезінде 5-тен аса сыртқы дене жарақаттары анықталған, амбулаториялық науқастың 1 медициналық картасын зерттеу сараптамалары;
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру, амбулаториялық науқастың 1 медициналық картасын зерттеу сараптамалары;
1 медициналық құжатты зерттеу сараптамалары (амбулаториялық немесе стационарлық науқастың медициналық картасы);
3) күрделі:
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру, 2 немесе оданда көп медициналық құжатты зерттеу сараптамалары (амбулаториялық немесе стационарлық науқастың медициналық картасы);
2 немесе одан да көп медициналық құжатты зерттеу сараптамалары;
жәбірленушілерді, айыпталушыларды және басқада тұлғаларды тексеру, қажетті медициналық құжаттарды зерттеу, басқа да медицина мамандарының қатысуымен өтетін сараптамалар (невропатолог, окулист, гинеколог, рентгенолог, травматолог және т.б.);
Тыртықтарды зерттеу сараптамалары
4) аса күрделі:
жыныстықтық жағынан бүтіндікті анықтау сараптамалары;
бұрынғы босануларды, жүктіліктерді, түсіктерді анықтау сараптамалары;
еркек пен еркектің жыныстық қатынасын анықтау сараптамалар;
азғындық әрекеттерді анықтау сараптамалар;
жыныстық қатынасқа қабілеттілігін анықтау сараптамалары;
Ескерту: қосымша сараптамалар өндірісі күрделілік категориясын бір деңгейге көтереді.
Мәйіттер сараптамасы
1) күрделілігі орта дәрежелі:
жарақатсыз мәйіттің қаңқасы мен сүйек қалдықтарын зерттеу (қосымша зерттеу тәсілдерін қажет етпейтіндер)
2) күрделі:
қосымша әдебиеттерді, зертханалық зерттеулерді талап ететін, зорлық өлім жағдайындағы мәйіттерді зерттеу;
уланған жағдайындағы мәйіттердің зерттеуі;
механикалық асфиксиялар жағдайындағы мәйіттердің зерттеуі;
электрожарақат, атмосфералық электр әсері болған мәйіттердің зерттеуі;
температуралар әсер еткен мәйіттердің зерттеуі;
қысымның түсіп кетуі жағдайындағы мәйіттердің зерттеуі;
жарақаттары жоқ жартылай қаңқаланған немесе шіру белгілері бар мәйіттердің зерттеуі;
белгісіз тұлғалардың мәйіттерінің зерттеуі;
3) аса күрделі:
жаңа туылғандар немесе сәби мәйіттерінің зерттеуі;
оқ тиген жаралары бар мәйіттердің зерттеуі;
жарылыс зақымы, жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
өткір немесе доғал заттармен түсірілген жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
жоғарғы биіктен және өз бойының биіктігінен (тұрған күйінде) жазықтыққа құлаған жағдайдағы мәйіттердің зерттеуі;
қылмыстық түсік жолымен жасалған мәйіттердің зерттеуі;
ана өлімі бойынша мәйіттердің зерттеуі;
жарақаттары бар қаңқа немесе шіру белгілері бар мәйіттердің зерттеуі;
көліктік жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
авиациялық жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
бөлшектелген мәйіттердің зерттеуі;
эксгумацияланған мәйіттердің зерттеуі;
медициналық манипуляцилар бойынша /ятрогенді патология/;
рефлексогенді аймақтар соққысы болған жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
адамдар жаппай құрбан болған төтенше жағдайдардағы мәйіттердің зерттеуі;
қабаттасқан жарақаттары бар мәйіттердің зерттеуі;
Ескерту: стационарда қайтыс болған мәйіттерді (ауру тарихы болған жағдайда) зерттеу кезінде күрделілік категориясын бір деңгейге көтеріледі.
Қосымша немесе қайталау сараптамаларының өндірісі күрделілік категориясын бір деңгейге көтереді.
Комиссиялық сараптамалар:
1) күрделі:
жыныстық жағдайын анықтау сараптамалары (ұрықтану, ұрықтануға қабілетін анықтау)
өлімнің алдында алынған жарақаттар немесе қоршаған ортаның әсерімен байланысын анықтау сараптамалары
жасты анықтауға байланысты сараптамалар
жынысты анықтауға байланысты сараптамалар
тоқтатылған жүктілік жағдайындағы сараптамалар
2) аса күрделі:
күтім, тасымалдау, қосымша ем және тамақтану, санаторлық- курорттық ем, протездеу және т.б. қосымша көмек түрін қажет ететін сұрақтарды шешумен байланысты сараптамалар;
мүгедектіктен бұрын алынған жарақаттар мен қоршаған ортаның әсірімен байланысын анықтау сараптамалары;
денсаулық жағдайын анықтау бойынша сараптамалар (аурулардан бұрын алынған жарақаттар мен қоршаған ортаның әсерімен байланысын анықтау);
емдеу-профилактикалық мекемесінің консервативті немесе жүйелі емдеуіне шағымдар болған жағдайдағы медициналық көмек көрсетуге баға беру сараптамалары ("Дәрігерлік істер" бойынша сараптамалар);
қойылған сұрақтарға профильді мамандар немесе кеңесшілерді тарту арқылы, азаматтық немесе қылмыстық істер бойынша медициналық құжаттарды зерттеу сараптамалары;
қайталанған комиссиялық сот-медициналық сараптамалар;
кешенді, комиссиялық сараптамалар;
мәйіттің эксгумациясы, өткізу орнына бару арқылы басқада тергеу амалдарын өткізуге байланысты комиссиялық сараптамалар;
Ескерту: Қосымша немесе қайталау сараптамаларының өндірісінде күрделілік дәрежесі 1 деңгейге көтеріледі
24. Сот-гистологиялық сараптама
24.1. Сот-гистологиялық зерттеулер
1) күрделілік дәрежесі орташа (объектілер саны 7 көп емес):
механикалық тұншығу (мойынның тұзаққа тұншығуы, жүрек пен іштің қысылуы, ауыздың, мұрынның және демалу жолдарының жабылуы, суға кету)
ішімдікпен улану;
көмірқышқыл газымен улану;
жіті өлім (өлім себебін анықтаумен)
ішкі органдардың шіру өзгерісі, аутолиз;
2) күрделі (объектілер саны 7 көп):
дәрі-дәрмектік заттармен улану;
механикалық зақым (соның ішінде зақымданудан есеңгіреу, қан жоғалту, ДВС-синдром) жарақаттың тірі кезінде алынғандығын және мерзімін анықтаусыз;
жіті өлім (өлімнің көрінеу себебісіз);
электр жарақаты;
жоғарғы немесе төмен температуралар әсерінен болған өлім (терінің үсіген бөліктері бар тоңазу, қызу, терідегі күйік);
Ұзақ қысып қалу синдромы
3) аса күрделі (объектілер саны 12 көп):
механикалық зақым (соның ішінде зақымданудан есеңгіреу, қан жоғалту, ДВС-синдромы) жарақаттың тірі кезінде алынғандығын және мерзімін анықтаумен
техникалық токсиндермен, сирек және белгісіз заттармен улану;
ұрық немесе жаңа туылған сәбилер мәйітінің сараптамалары;
1 жасқа дейінгі балалар өлімі;
онкологиялық аурулар;
қылмыстық түсіктер;
ішкі органдардың ерекше аурулары;
стационарда өлу жағдайдары;
қайталау және комиссиялық сараптамалар;
планктондарды зерттеу;
объектілерді қосымша бояу тәсілдерін талап ететін сараптамалар;
25. Сот-биологиялық сараптама (медициналық)
25.1. Сот-биологиялық зерттеу (медициналық)
1) жай:
үлгілерді қоспағанда, 3 затқа дейін – қанды зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 3 затқа дейін – бөлінділерді (тер, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
5 тұлғадан астам іс бойынша өтетін – үлгілерді зерттеумен байланысты сараптама;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
үлгілерді қоспағанда, 5 затқа дейін – қанды зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 5 затқа дейін – бөлінділерді (тер, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 3 затқа дейін – аралас дақтарды (шәует, тер, қан, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
3 затқа дейін - ядросы бар жасушаларды анықталуымен байланысты цитологиялық сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 3 затқа дейін – топтық қатыстылығы бірдей дақтарда басқа серологиялық жүйелер бойынша дифференцирлеу;
3 затқа дейін қан мен бөлінділерді, бөлінді мен бөліндіні дифференцирлеу - аралас дақтарды зерттеумен байланысты сараптама;
3 затқа дейін мәйіттен алынған материалды (сүйек, бұлшықет, тістер) зерттеу;
3) күрделі:
үлгілерді қоспағанда, 10 затқа дейін - қанды зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 7 затқа дейін - бөлінділерді (тер, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 5 затқа дейін - аралас дақтарды (шәует, тер, қан, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
5 затқа дейін – ядросы бар жасушаларды анықталуымен байланысты цитологиялық сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 5 затқа дейін – топтық қатыстылығы бірдей дақтарда басқа серологиялық жүйелер бойынша дифференцирлеу;
5 затқа дейін қан мен бөлінділерді, бөлінді мен бөліндіні дифференцирлеу - аралас дақтарды зерттеумен байланысты сараптама;
шаштың сараптамасы (2 – ге дейін айғақ-шаш және іс бойынша өтетін екі тұлғаға дейін)
5 затқа дейін мәйіттен алынған материалды (сүйек, бұлшықет, тістер) зерттеу;
4) аса күрделі:
үлгілерді қоспағанда, 10 заттан астам - қанды зерттеумен (бар болуын анықтау, түр-тұқым тиістілігін, топтық қатыстылығын анықтау) байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 7 заттан астам - бөлінділерді (тер, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 5 заттан астам – аралас дақтарды (шәует, тер, қан, сілекей, зәр, жалпақ эпителийдің жасушалары, нәжіс) зерттеумен байланысты сараптама;
5 заттан астам - ядросы бар жасушаларды анықталуымен байланысты цитологиялық сараптама;
үлгілерді қоспағанда, 7 заттан астам – топтық қатыстылығы бірдей дақтарда басқа серологиялық жүйелер бойынша дифференцирлеу;
5 заттан астам қан мен бөлінділерді, бөлінді мен бөліндіні дифференцирлеу - аралас дақтарды зерттеумен байланысты сараптама;
шаштың сараптамасы (2-ден астам айғақ-шаш және іс бойынша өтетін екі тұлғадан астам);
цитологиялық зерттеумен байланысты сараптама – анықталмаған мәйіттің шіріп өзгерген материалдарын зерттеу.
26. Медициналық-криминалистикалық сараптама
26.1. Сот медициналық-криминалистикалық зерттеу
1) жай:
3-тен көп емес объектілерді рентгенологиялық зерттеу;
Зерттеу жүргізусіз, объектіні (объектілерді) фототүсіру фотокестесін құрумен;
2) күрделілік дәрежесі орташа:
1-ден аспайтын болжамды жарақат құралын ұсынумен немесе ұсынусыз, денесінде және (немесе) киімінде өткір және доғал қатты заттардың әсерінен 3-тен аспайтын зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
болжамды жарақат құралын ұсынусыз, денесінде және (немесе) киімінде атыс қаруының әсерінен 1-ден аспайтын зақымның (объектінің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
мәйіттің (тірі тұлғаның) денесінде және (немесе) киімінде термиялық, химиялық зақымдауда 1 зақымның (объектінің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін зерттеу;
мойын мойын мүшелер кешенінің 1 мүшесін зерттеу;
қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау бойынша зерттеу (5 объектілерден аспайтын);
зақымның пайда болу механизмін анықтаусыз, өзіндік зерттеу түрінде қосылған, металл іздерін, бөтен бөлшектерді анықтау бойынша зерттеу;
биологиялық объектілердің алғашқы түрін және қасиеттерін қалпына келтіру;
3) күрделі:
2 және одан көп болжамды жарақат құралын ұсынумен немесе ұсынусыз, денесінде және (немесе) киімінде өткір және доғал қатты заттардың әсерінен 4 және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
болжамды жарақат құралын ұсынумен немесе ұсынусыз, денесінде және (немесе) киімінде атыс қаруының әсерінен 2 және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
жеке адамды ұқсастыруға қажетті құжаттарын (заттарын) ұсынусыз, бас сүйек, (үштен аспайтын) қаңқа сүйектері, (10-нан аспайтын) сүйек бөлшектерін, олардың зақымдануынсыз зерттеу;
(5 объектілерден көп) қан іздерінің пайда болу механизмін анықтау бойынша зерттеу;
атипті жарақат құралының әсерінен болған 1 және одан көп зақымдарды зерттеу;
мойын мүшелер кешенінің барлық мүшелерін зерттеу;
қаңқа сүйектерін қайта құрумен байланысты зерттеу;
дене зақымдарынсыз және киімсіз, (әр түрлі дәрежеде) сүлделенген, шіріп өзгерген, мумияланған мәйіттерді зерттеу;
4 және одан көп объектілерді рентгенологиялық зерттеу;
кейінгі реперажбен, салу және басқа да әдіспен фотоқосарлаумен 1 және одан көп объектілерді рентгенологиялық зерттеу;
микробөлшектерді зерттеу және олардың сәйкестіктерін лабораториялық әдістермен зерттеу;
кейінгі реперажбен, салу және басқа да әдіспен фотоқосарлаумен фотографиялық зерттеу;
кейінгі реперажбен, салу және басқа да әдіспен фотоқосарлаумен видеографиялық зерттеу;
УК және ИҚ-шоғырында фотографиялық зерттеу;
4) аса күрделі:
комиссиялық, қайталама сараптамасы шегінде жүргізілетін, денесінде және (немесе) киімінде 1 және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
кешенді сараптамасы шегінде жүргізілетін, денесінде және (немесе) киімінде бір және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
ықтимал жарақат механизмін қайта құру үшін, құжаттарын (заттарын) ұсынумен, сонымен қатар денесінде және (немесе) киімінде бір және одан көп зақымдарды (объектілерді) зерттеу;
автожарақаттың нәтижесінде денесінде және (немесе) киімінде бір және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
эксперименталдық зақымдаулар және келесі салыстырмалы зерттеумен (қиыстыру, репераж және басқасы), денесінде және (немесе) киімінде бір және одан көп зақымдардың (объектілердің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін анықтау бойынша зерттеу;
екі және одан көп әр түрлі құрылымдық ерекшеліктерімен болжамды жарақат құралдарын ұсынумен, денесінде және (немесе) киімінде бір және одан көп зақымның (объектінің) пайда болу механизмін, сипатын, түрін, болжамды жарақат құралымен сәйкестігін анықтау бойынша зерттеу;
дене зақымдарымен және киімдерімен, (әр түрлі дәрежеде) сүлделенген, шіріп өзгерген, мумияланған мәйіттерді зерттеу;
жеке адамды ұқсастыруға қажетті құжаттарын (заттарын) ұсынусыз, бас сүйек, (үштен аспайтын) қаңқа сүйектері, (10-нан аспайтын) сүйек бөлшектерін, олардың зақымдануларымен зерттеу;
жеке адамды ұқсастыруға қажетті құжаттарын (заттарын) ұсынусыз, (үштен көп) қаңқа сүйектері, (10-нан көп) сүйек бөлшектерін зерттеу;
жеке адамды ұқсастыруға қажетті құжаттарын (заттарын) ұсынумен, бас сүйек, (бір және одан көп) қаңқа сүйектері, (бір және одан көп) сүйек бөлшектерін зерттеу;
түрін, жынысын және басқа керек-жарағын анықтаумен күлденген фрагменттерді зерттеу;
(екі және одан көп мәйіттерді) жаппай жерлеуін зерттеу;
қаңқа сүйектерін қайта құрумен байланысты, сүйектің бір және одан көп зақымдарының пайда болу механизмін анықтау бойынша зерттеу.
Ескертпе: қосымша, қайталама және кешенді сараптамаларды жүргізу қиындықтар дәрәжәсін бір деңгейге жоғарылатады.
27. Химия-токсикологиялық сараптама
27.1. Соттық химия-токсикологиялық зерттеу
1) жай:
этил алкоголін анықтау (1-3 нысандар);
карбоксигемоглобинді анықтау (1-3 нысандар);
этил алкоголін және карбоксигемоглобинді бірге анықтау (бір нысанда);
2) күрделілік дәрежесі орташа:
этил алкоголін анықтау (3-тен 7 нысанға дейін);
карбоксигемоглобинді анықтау (3-тен 7 нысанға дейін);
этил алкоголін және карбоксигемоглобинді бірге анықтау (1 нысаннан көп болғанда);
шірімеген биологиялық материалда бір токсикологиялық топқа жататын басқа заттарды (этил спирті және карбоксигемоглобиннен басқасы) анықтау (7 нысанға дейін);
3) күрделі:
этил алкоголін анықтау (7-ден 10 нысанға дейін);
карбоксигемоглобинді анықтау (7-ден 10 нысанға дейін);
шірімеген биологиялық материалда екі токсикологиялық топтың (7 нысанға дейін) немесе 7-ден 10 нысанға дейін бір токсикологиялық топтың заттарын (этил спирті және карбоксигемоглобиннен басқасы) анықтау;
шіри бастаған мәйіт материалында бір токсикологиялық топтың басқа заттарын анықтау (7 нысанға дейін);
4) аса күрделі:
шірімеген биологиялық материалда (этил спирті және карбоксигемоглобиннен басқасы) екіден көп токсикологиялық топтың заттарын анықтау (7 нысаннан жоғары);
шіри бастаған биологиялық материалда бір токсикологиялық топтың заттарын (7 нысаннан жоғары) анықтау;
10-нан жоғары нысандарды сараптау (зерттеулер).
28. Сот-наркологиялық сараптама
28.1.Сот-наркологиялық зерттеу
1) күрделі:
психобелсенді заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары бар болуын/болмауын анықтау үшін зерттеуі (наркомания, алкоголизм, токсикомания) тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу
наркологиялық ауру - психобелсенді заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары (наркомания, алкоголизм, токсикомания) болуына байланысты мәжбүрлі ем ұсыну сұрақтарын шешу үшін тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу;
2) аса күрделі:
азаматтық істерде психобелсенді заттарды қолданумен байланысты психиканың бұзылулары мен мінез-құлықтың бұзылулары бар болуы/болмауына (наркомания, алкоголизм, токсикомания) байланысты әрекетке қабілеттілігін шектеу жағдайында тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу .
29.Сот-психиатриялық сараптама
29.1. Сот-психиатриялық зерттеу
1) күрделі:
қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың есінің дұрыстығын/есінің дұрыс еместігін (айыпталушыда созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл есінің кемдігі немесе психикасының өзге де дерттерінің болуы/болмауы салдарынан өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптігін ұғына алу немесе оларға ие бола алу қабілетін зерттеу) анықтау;
қылмыстық процессте айыпталушының (күдіктінің), куәнің, жәбірленушінің психикалық жағдайын зерттеу;
айыпталушының (күдіктінің) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта психикасының бұзылуы салдарынан психикалық жағдайын және өзінің әрекеттерінің (әрекетсіздігін) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмау не оларға ие бола алмау қабілетін зерттеу;
куә, жәбірленушінің психикалық жағдайына байланысты іс үшін маңызды болған жағдайларды дұрыс қабылдай алу және олар туралы дұрыс көрсетулер бере алу қабілетін зерттеу;
айыпталушының (күдіктінің), куәнің, жәбірленушінің психикалық жағдайына байланысты сот-тергеу әрекетіне қатыса алу қабілетін зерттеу;
тұлғада жүйке ауру немесе ақыл-есінің кемдігінің болуының/болмауының салдарынан өз әрекетінің мәнін түсіне алмау немесе басқара алмау қабілетін анықтау (азаматтық процессте әрекетке қабілеттілігін/әрекетке қабілетсіздігін) анықтау;
азаматтық процессте тұлғаның мүліктік келісім-шарт жасаған кездегі психикалық жағдайын зерттеу (келісім шарт жасау қабілетін анықтау);
психиатриялық көмек көрсету барысында тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы істерді зерттеу.
2) аса күрделі:
қайталама сот-психиатриалық сараптама зерттеуі;
қайталама қайтыс болғаннан кейінгі сот-психиатриялық сараптама зерттеуі;
қылмыстық процессте қайтыс болғаннан кейінгі сот-психиатриялық сараптама зерттеуі;
өзін өзі өлтірген тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу.
өзін өзі өлтірген тұлғаның психикалық жағдайын және өлімінен алдынғы психикалық жағдайын зерттеу;
өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу сұрақтарын шешу үшін өзін өзі өлтірген тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу;
өзін өзі өлтірген тұлғада өлімінен алдынғы кезеңде өзін өзі өлтіруге бейімді психикалық жағдайын және осы жағдайға алып келетін ықтималдық (мүмкін болған) себептерін зерттеу;
қылмыс жасалғаннан кейін (зорлау қылмыстық істерінде) суицид жасаған жәбірленушілердің психикалық жағдайын зерттеу;
азаматтық процесстерінді қайтыс болғаннан кейінгі сот-психиатриялық сараптама зерттеуі;
азаматтық іс құжаттары және медициналық құжаттары негізінде сотқа керек кезеңінде тұлғаның өз әрекетінің мәнін түсіне алу немесе басқара алу қабілеттілігін (қабілетсіздігін) зерттеу (әрекетке қабілеттілігін/әрекетке қабілетсіздігін анықтау);
азаматтық іс құжаттары және медициналық құжаттары негізінде мүліктік келісім шарт жасаған кездегі тұлғаның психикалық жағдайын зерттеу (келісім шарт жасай алу қабілетін анықтау).