Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1015 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 желтоқсанда № 35471 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қоса беріліп отырған толықтырулар енгізу тізбесі бекітілсін.

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1015 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 303 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14961 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібінде:

      қосымша мынадай мазмұндағы 30-тармақпен толықтырылсын:

      "30. Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы

      31.1 Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу

      1) күрделілігі орташа дәрежедегі:

      ауызша белгілеудің басым элементтерін анықтау;

      3 элементтен аспайтын бейнелеу белгілерінің басым элементтерін анықтау;

      2) күрделі:

      4 және одан да көп элементтен тұратын бейнелеу белгілерінің басым элементтерін анықтау;

      құрамдастырылған белгілердің басым элементтерін анықтау;

      5 графемадан аспайтын немесе 3 таңбадан аспайтын араластыру дәрежесіне дейінгі ұқсастық тұрғысынан ауызша белгілеулерді зерттеу;

      5 элементтен аспайтын араластыру дәрежесіне дейінгі ұқсастық тұрғысынан әріптік және цифрлық белгілеулерді зерттеу;

      3 элементтен аспайтын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан бейнелеу белгілеулерін зерттеу;

      3) аса күрделі:

      сирек кездесетін даралау құралдарын зерттеу (голографиялық; дыбыстық; иіс сезу; өзгеретін (оның ішінде қозғалатын;) позициялық; жарық; түс және басқалар);

      6 және одан да көп графемадан (әріптен) немесе 4 және одан да көп белгілерден (иероглифтерден) тұратын араласу дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан ауызша белгілеулерді зерттеу;

      6 және одан да көп элементтен (графемалар, сандар және сол сияқтылар) тұратын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан әріптік және цифрлық белгілеулерді зерттеу;

      4 және одан да көп элементтен тұратын араластыру дәрежесіне ұқсастық тұрғысынан бейнелеу белгілеулерін зерттеу;

      құрамдастырылған белгілердің араластыру дәрежесіне дейін ұқсастығын зерттеу.".

      2. "Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14972 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен талаптарына 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-1-жолмен толықтырылсын:

      "

42-1

Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы

м2

23,2

      ";

      Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен талаптарына 4-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:

      "

23

Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы

Дараландыру құралдарының белгіленуін сот-сараптамалық зерттеу

1. Дербес компьютер жиынтықта

2. 10х дейін үлкейткіш әйнек

3. Сандық камера

4. Сейф

5. Металл өлшеу сызғыштары 150мм, 300мм, 500мм.

      ".

      3. "Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14985 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерінде 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын:

      "

23

Зияткерлік меншік объектілерінің сот сараптамасы


2

1

1

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады