Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 23-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.04.2021 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_________________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 25 сәуір
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 27.04.2021 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын (бұдан әрі – Зерттеулер дерекқоры) жүргізу тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Зерттеулер дерекқоры "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі платформасында қалыптастырылады және республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізген зерттеулерді (бұдан әрі – зерттеулер) қамтиды.
Ескерту. 2-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Зерттеулер дерекқорын жүргізуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.
4. Мемлекеттiк құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттар Зерттеулер дерекқорында орналастыруға жатпайды.
5. "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарға қол жетімділік Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 45-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Зерттеулер дерекқорына қолжетімділік Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне – Интернет арқылы ұсынылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Зерттеулер дерекқорына қол жеткізу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
7. Зерттеулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпппен авторлыққа сілтемелерді немесе авторлық туралы басқа да хабарламалар сақталған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.
2-тарау. Зерттеулер дерекқорын жүргізу тәртібі
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері жыл сайын ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде ЗҚАИ-на келесі жылға жоспарланған зерттеулер тізбесін жібереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері:
1) Зерттеулер дерекқорында орналастыру үшін жіберілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі (материалдарды әзірленетін тіліне қарай) зерттеулер нәтижелері көшірмелерінің түпнұсқалармен толық сәйкестігін;
2) шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға зерттеулердің аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, зерттеу кестелерін ұсынуды;
3) ЗҚАИ-ға зерттеулердің нәтижелерін (есептер, жинақтар, оқулықтар, анықтамалар, баяндамалар және т.с.с.) ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес (шарт болмаған жағдайда бекітілген және (немесе) жарияланған кезден бастап) ұсынуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8-1. Зерттеулердің кестелерін жіберу кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер ұсынылады, бұл ретте зерттеу тақырыбы ескертпеде көрсетілген тізімнен таңдалады.
Ескерту. Қағидалар 8-1-тарамақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдары, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері зерттеулерінің нәтижелері ЗҚАИ-ға DOC/DOCX электрондық форматын конвертациялау арқылы алынған PDF форматта жіберіледі. Қағаз құжаттарды сканерлеу арқылы алынған PDF форматындағы файлдар Зерттеулер дерекқорында орналастыру үшін рұқсат етілмейтін файлдар болып табылады.
10. Егер зерттеу нәтижесі жекелеген құжаттар сияқты ресімделген бөліктерді, қосымшаларды, есептер және т.с.с. қамтитын болса, онда әрбір құжат жеке файл ретінде қалыптастырылады. Әртүрлі тілдердегі құжаттар жеке файлдармен ресімделеді.
11. Зерттеу нәтижелерін жіберу кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер пайдаланылады, бұл ретте "зерттеудің аяқталған күні" және "парақтардың көлемі (саны)" деген жолдар толтырылады.
Ескерту. 11-тарамақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектілері ЗҚАИ-ды осы қызметкердің аккаунтына кіруді тоқтату қажеттігі туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
13. ЗҚАИ:
1) зерттеулердің нәтижелерін олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізуді;
2) зерттеу нәтижесі карточкасын қалыптастыруды;
3) орналастырылатын зерттеулердің нәтижелеріне және Зерттеулер дерекқорына рұқсатсыз араласудан қорғауды;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тиісті хабарлама алған кезден үш жұмыс күні ішінде қолжетімділіктің ашылуын / жабылуын қамтамасыз етеді.
Тiркеуге өтiнiм
Логин: ____________________________________ |
Құрылымдық бөлімше: ____________________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: __________________________ ____________ |
Ескертпе: * "Осы аккаунт үшін қолжетімділікті қолдану мерзімі" қолжетімділік тіркелген күннен бастап 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі, одан кейін автоматты түрде жабылады.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.01.2024 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: "Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанулық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқоры".
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер.
Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-issledovaniya
Кезеңділігі: зерттеулерді жүргізу аяқталғаннан кейін.
Есепті кезең: жыл сайын.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері.
Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде.
№ | Зерттеу атауы | Зерттеудің аяқталу мерзімі (к/а/ж) | Зерттеудің аяқталған күні (к/а/ж) | Зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/ жергілікті атқарушы орган/ ведомстволық бағынысты ұйым/ квазимемлекеттік сектор субъектісі | Зерттеулердің тақырыпары* | Зерттеулердің авторлары (ғылыми жетекші, редактор және тағы басқа) | Зерттеудегі өзек сөздер (тегтер) | Көлемі (парақтар саны) | Зерттеулер дерекқорында орналастыру түрлері (Құпия / Құпия емес) | Зерттеулер түрі (талдамалық/ консалтингтік/ әлеуметтік/ өзгедей) | Қаржыландыру көзі (республикалық бюджет/ жергілікті бюджет/ өз бюджеті/ грант) | Зерттеулерге жұмсалған шығындар туралы деректер | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |
1 |
*Зерттеулер тақырыптарының тізімі:
Әлеуметтік қамтамасыз ету. Сақтандыру
Азаматтық қоғам
Ауыл шаруашылығы
Бәсекеге қабілеттілік
Білім беру
Денсаулық сақтау
Дін
Еңбек
Жастар саясаты
Индустриалды-инновациялық даму
Кәсіпкерлік
Кен қазу саласы
Қаржы
Қауіпсіздік
Қорғаныс
Құқық
Логистика
Мәдениет
Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Өндіріс
Салық саласы
Саясат
Стандарттау
Статистика
Сыбайлас жемқорлық
Тарих
Туризм
Халықаралық қатынастар
Экология
Экономика
Электрондық үкімет
Энергетика
Атауы ____________________________ Мекенжайы ___________________________
Телефоны _______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________________
Орындаушы ______________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_________________________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанына қосымша |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-issledovaniya индексі, зерттеулер жүргізу аяқталғаннан кейінгі кезеңділік ) 1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалады.
3. Нысанға бірінші басшы немесе зерттеу нәтижелеріне қол қоюға уәкілеттік берілген адамдар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру
4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде (зерттеу ағылшын тілінде әзірленген жағдайда да ағылшын тілінде) толтырылады.
5. 1-бағанда зерттеу базасында орналастыру үшін ЗҚАИ-ға-ге жіберілетін зерттеу нәтижелерінің реттік нөмірі көрсетіледі.
6. 2-бағанда зерттеудің түпнұсқасына сәйкес зерттеудің атауы көрсетіледі.
7. 3-бағанда зерттеудің аяқталу мерзімі көрсетіледі.
8. 4-бағанда зерттеудің аяқталған күні көрсетіледі.
9.5-бағанда осы зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган/ведомстволық бағынысты ұйым/квазимемлекеттік сектор субъектісі көрсетіледі.
10. 6-бағанда нысанға ескертпеде көрсетілген тақырыптар тізбесінен таңдалған зерттеу тақырыптары көрсетіледі.
11. 7-бағанда осы зерттеудің авторлары (ғылыми жетекші, редактор және т.б.) көрсетіледі.
12. 8-бағанда осы зерттеу бойынша іздеу сұраулары үшін пайдаланылатын зерттеудегі кілт сөздер (тегтер) көрсетіледі.
13. 9-бағанда осы зерттеудің көлемі (парақтар саны) көрсетіледі.
14. 10-бағанда зерттеу базасында зерттеуді орналастыру түрі көрсетіледі (құпия/құпия емес).
15. 11-бағанда зерттеу түрі (аналитикалық/консалтингтік/социологиялық/өзге) көрсетіледі.
16. 12-бағанда қаржыландыру көзі ((республикалық бюджет/жергілікті бюджет/ меншікті бюджет/грант) көрсетіледі.
17. 13-бағанда зерттеуге арналған шығындар туралы деректер көрсетіледі.