"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдарымен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22650 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдарымен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15034 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 23-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 335 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 25 сәуірдегі
№ 461 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын (бұдан әрі – Зерттеулер дерекқоры) жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Зерттеулер дерекқоры "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі платформасында қалыптастырылады және республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасында жүргізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүргізген зерттеулерді (бұдан әрі – зерттеулер) қамтиды.

      3. Зерттеулер дерекқорын жүргізуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттiк құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттар Зерттеулер дерекқорында орналастыруға жатпайды.

      5. "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарға қолжетімділік "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Зерттеулер дерекқорына қолжетімділік Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне – Интернет арқылы ұсынылады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Зерттеулер дерекқорына қол жеткізу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      7. Зерттеулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпппен авторлыққа сілтемелерді немесе авторлық туралы басқа да хабарламалар сақталған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі.

2-тарау. Зерттеулер дерекқорын жүргізу тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдары, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері:

      1) Зерттеулер дерекқорында орналастыру үшін жіберілетін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі (материалдарды әзірленетін тіліне қарай) зерттеулер нәтижелері көшірмелерінің түпнұсқалармен толық сәйкестігін;

      2) ЗҚАИ-ға зерттеулердің нәтижелерін (есептер, жинақтар, оқулықтар, анықтамалар, баяндамалар және т.с.с.) ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес (шарт болмаған жағдайда бекітілген, жарияланған және т.с.с.кезден бастап) ұсынуды қамтамасыз етеді.

      9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдары, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері зерттеулерінің нәтижелері ЗҚАИ-ға DOC/DOCX электрондық форматын конвертациялау арқылы алынған PDF форматта жіберіледі. Қағаз құжаттарды сканерлеу арқылы алынған PDF форматындағы файлдар Зерттеулер дерекқорында орналастыру үшін рұқсат етілмейтін файлдар болып табылады.

      10. Егер зерттеу нәтижесі жекелеген құжаттар сияқты ресімделген бөліктерді, қосымшаларды, есептер және т.с.с. қамтитын болса, онда әрбір құжат жеке файл ретінде қалыптастырылады. Әртүрлі тілдердегі құжаттар жеке файлдармен ресімделеді.

      11. Зерттеулердің нәтижелерін жіберу кезінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер ұсынылады, бұл ретте зерттеу тақырыбы ескертпеде көрсетілген тізімнен таңдалады.

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымшада сипатталған.

      12. Қызметкер жұмыстан босатылған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектілері ЗҚАИ-ды осы қызметкердің аккаунтына кіруді тоқтату қажеттігі туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      13. ЗҚАИ:

      1) зерттеулердің нәтижелерін олар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізуді;

      2) зерттеу нәтижесі карточкасын қалыптастыруды;

      3) орналастырылатын зерттеулердің нәтижелеріне және Зерттеулер дерекқорына рұқсатсыз араласудан қорғауды;

      4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тиісті хабарлама алған кезден үш жұмыс күні ішінде қолжетімділіктің ашылуын / жабылуын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен
жергілікті атқарушы
органдарының, олардың
ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарының,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тапсырысы
бойынша жүргізілетін,
республикалық және жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық, консалтингтік,
әлеуметтік және өзге де
зерттеулердің, оның ішінде
халықаралық ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің
бірыңғай дерекқорын жүргізу
қағидаларының
1-қосымшасы
  Нысан
  Кімге:
"Қазақстан Республикасының
Заңнама және құқықтық ақпарат
институты" шаруашылық
жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны

Тiркеуге өтiнiм

Логин: ____________________________________
Тегі: ______________________________________
Аты: ______________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда): __________
Ұйым: ____________________________________

Құрылымдық бөлімше: ____________________
Лауазымы: _______________________________
Телефон нөмірі: ___________________________
Корпоративтік поштаның электрондық мекенжайы: ______________
Осы аккаунт үшін қолжетімділікті қолдану мерзімі*: _____________

Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам: __________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Ескертпе: * "Осы аккаунт үшін қолжетімділікті қолдану мерзімі" қолжетімділік тіркелген күннен бастап 1 жылдан аспайтын мерзімге беріледі, одан кейін автоматты түрде жабылады.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен
жергілікті атқарушы
органдарының, олардың
ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарының,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тапсырысы
бойынша жүргізілетін,
республикалық және жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық, консалтингтік,
әлеуметтік және өзге де
зерттеулердің, оның ішінде
халықаралық ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің
бірыңғай дерекқорын жүргізу
қағидаларының
2-қосымшасы
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқоры".

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің,, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-issledovaniya

      Кезеңділігі: зерттеулерді жүргізу аяқталғаннан кейін.

      Есепті кезең: жыл сайын.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері.

      Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде.

Зерттеу атауы

Зерттеудің аяқталған күні (к/а/ж)

Зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/ жергілікті атқарушы орган/ ведомстволық бағынысты ұйым/ квазимемлекеттік сектор субъектісі

Зерттеулердің тақырыпары*

Зерттеулердің авторлары (ғылыми жетекші, редактор және тағы басқа)

Зерттеудегі өзек сөздер (тегтер)

Көлемі (парақтар саны)

Зерттеулер дерекқорында орналастыру түрлері (Құпия / Құпия емес)

Зерттеулер түрі (талдамалық/ консалтингтік/әлеуметтік/ өзгедей)

Қаржыландыру көзі
(республикалық бюджет/ жергілікті бюджет/ өз бюджеті/ грант)

Зерттеулерге жұмсалған шығындар туралы деректер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1












      *Зерттеулер тақырыптарының тізімі:

      Әлеуметтік қамтамасыз ету. Сақтандыру

      Азаматтық қоғам

      Ауыл шаруашылығы

      Бәсекеге қабілеттілік

      Білім беру

      Денсаулық сақтау

      Дін

      Еңбек

      Жастар саясаты

      Индустриалды-инновациялық даму

      Кәсіпкерлік

      Кен қазу саласы

      Қаржы

      Қауіпсіздік

      Қорғаныс

      Құқық

      Логистика

      Мәдениет

      Мемлекеттік басқару

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

      Өндіріс

      Салық саласы

      Саясат

      Стандарттау

      Статистика

      Сыбайлас жемқорлық

      Тарих

      Туризм

      Халықаралық қатынастар

      Экология

      Экономика

      Электрондық үкімет

      Энергетика

      Атауы __________________________ Мекенжайы ____________________________

      Телефоны _________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанның қосымшасында келтірілген.

  "Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары мен
жергілікті атқарушы
органдарының, олардың
ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарының,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің тапсырысы
бойынша жүргізілетін,
республикалық және жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық, консалтингтік,
әлеуметтік және өзге де
зерттеулердің, оның ішінде
халықаралық ұйымдармен
бірлескен зерттеулер бойынша
мәліметтер" әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" (1-issledovaniya индексі, зерттеулер жүргізу аяқталғаннан кейінгі кезеңділік )

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулер жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан шарт талаптарына сәйкес зерттеу аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалады.

      3. Нысанға бірінші басшы немесе зерттеу нәтижелеріне қол қоюға уәкілеттік берілген адамдар және орындаушы қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру

      4. Нысан қазақ және орыс тілдерінде (зерттеу ағылшын тілінде әзірленген жағдайда, ағылшын тілінде де) толтырылады.

      5. 1-бағанда Зерттеулер дерекқорына орналастыру үшін ЗҚАИ-ға жіберілетін зерттеулер нәтижелерінің реттік нөмірі көрсетіледі.

      6. 2-бағанда зерттеудің түпнұсқасына сәйкес зерттеудің атауы көрсетіледі.

      7. 3-бағанда зерттеудің аяқталған күні көрсетіледі.

      8. 4-бағанда осы зерттеуге тапсырыс берген мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган/ ведомстволық бағынысты ұйым/квазимемлекеттік сектор субъектісі көрсетіледі.

      9. 5-бағанда Нысан ескертпесінде көрсетілген тақырыптар тізімінен таңдап алынған зерттеулердің тақырыптары көрсетіледі.

      10. 6-бағанда осы зерттеу авторы (ғылыми жетекшісі, редакторы және т.с.) көрсетіледі.

      11. 7-бағанда осы зерттеу бойынша іздеу сұранымдары үшін қолданылатын зерттеудегі өзек сөздер (тегтер) көрсетіледі.

      12. 8-бағанда осы зерттеу көлемі (парақтар саны) көрсетіледі.

      13. 9-бағанда зерттеудің Зерттеулер дерекқорында орналастыру түрі (құпия / құпия емес) көрсетіледі.

      14. 10-бағанда зерттеу түрі (талдамалық/ консалтингтік/ әлеуметтік/ өзгедей).

      15. 11-бағанда қаржыландыру көзі көрсетіледі (республикалық бюджет / жергілікті бюджет / меншікті бюджет / грант).

      16. 12-бағанда зерттеуге жұмсалған шығын туралы деректер көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады