Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15166 болып тіркелді.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 11 мамырдағы
№ 530 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 304 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9847 болып тіркелді);

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 610 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12359 болып тіркеліп, 2015 жылы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттерінің аудандық (қалалық) әділет басқармалары туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 243 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11237 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады